2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 2 тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының тілдер саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 2 шешімі Бектау селосының тұрғындардың пікірмен санаса отырып Бектау ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бектау селосының кұрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Рабочая көшесін – Жұмысшы көшесіне;
2) Подлесная көшесін – Әль-Фараби көшесіне;
3) Мир көшесін – Бейбітшілік көшесіне;
4) Больничная көшесін – Шоқан Уәлиханов көшесіне;
5) Училищная көшесін – Жамбыл Жабаев көшесіне;
6) Лесная көшесін – Мәлік Ғабдуллин көшесіне;
7) Рахманюка көшесін – Абылай-хан көшесіне;
8) Ленина көшесін – Кеңесары көшесіне;
9) Центральная көшесін – Абай көшесіне;
10) Октября көшесін – Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
11) Комсомольская көшесін – Әлия Молдағұлова көшесіне;
12) Молодежная көшесін – Жастар көшесіне;
13) Советская көшесін – Бауыржан Момышұлы көшесіне;
14) 50 лет Октября қалтарысын – Ахмет Байтұрсынов қалтарысына;
15) Юбилейный қалтарысын – Мәншүк Мәметова қалтарысына.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бектау ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы С. Маменов
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының
«Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т. Бартош