Бектау ауылдық округінің Қаражар селосының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 маусымдағы № 19 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 тамызда № 1-18-80 тіркелді

      2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабының 2 тармағына, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының тілдер саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 2 Қаражар селосының тұрғындардың пікірмен санаса отырып Бектау ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Бектау ауылдық округіның Қаражар селосының кұрамдас бөліктері қайта аталсын:
      1) Комсомольская көшесін – Жастар көшесіне;
      2) Степная көшесін – Жайлау көшесіне;
      3) Речной қалтарысын – Жамбыл Жабаев қалтарысына.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкімі міндетін атқарушы                    С.Маменов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шортанды ауданының
      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Т.Бартош

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады