Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27, 28 баптарына сәйкес Петровка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Петровка селолық округі әкімінің 2009 жылдың 30 маусымындағы № 8 «Белое озеро селосының көшелерін қайта атау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-18-75 тіркелген, аудандық «Өрлеу» газетінің 2009 жылдың 25 шілдедегі № 29 санында, аудандық «Вести» газетінің 2009 жылдың 25 шілдедегі № 29 санында жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
кіріспедегі «4 тармақшасына» сөзі «4) тармақшасына» сөзіне өзгертілсін;
кіріспенің мәтінінде мемлекеттік тілдегі «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық» сөздері «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық» сөздеріне өзгертілсін.
2.Осы шешім Шортанды ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа кіреді.
Петровка селолық
округінің әкімі В.Шимков