Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі № А-4/217 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Ақмола облыстық мәслихаттан шыққан депутаттардың орнына депутаттарды сайлауды белгілеу туралы» Ақмола облысы бойынша сайлау комиссиясының 2009 жылғы 23 қаңтардағы шешімін орындауына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының және Щучье аудандық мәслихатының депутатықтарына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға Щучинск қаласында, Бурабай кентінде және Щучье ауданының селолық елді мекендерінде қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін және олар стендтермен, тақталармен жарақтандырылсын.
2. 2007 жылғы 2 шілдеде № 1-19-106 Щучье ауданының Әділет басқармасында тіркелген, 2007 жылдың 12 шілдесінде аудандық «Луч» газетінің № 55 санында, «Бурабай» газетінің 31 санында жарияланан әкімдіктің «Депутаттықтарға кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» 2007 жылғы 22 маусымдағы № а–7/453 қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы Щучье ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Щучье ауданының әкімі В.Балахонцев
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Қ.Қожағулов
Щучье ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 12 наурыздағы
№ а-3/148 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы және Щучье ауданы мәслихатынан шыққан депутаттардың орнына Щучинск қаласында, Бурабай кенті мен Щучье ауданының елді-мекендерінде стендтер және тақталармен жабдықталған кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ |
Орналастыру орны |
Атауы |
Саны |
1 |
Щучинск қаласы, ”Бос уақытты өткiзу орталығы” МКК ғимараты (келісім бойынша) |
тақта-стенд |
1 |
2 |
Щучинск каласы, темір жол вокзалы |
тақта-стенд |
1 |
3 |
Щучинск қаласы, «КазНИИЛХ» ЖШС ғимараты, Киров көшесі 58 (келісім бойынша) |
тақта-стенд |
1 |
4 |
Бурабай кентi, "Бурабай” мемлекеттiк |
тақта-стенд |
1 |
5 |
Бурабай кенті, «Квинт» ЖШС ғимараты, Кенесары көшесі 20 «а» (келісім бойынша) |
тақта-стенд |
1 |
6 |
Озерное селосы, село орталығында |
тақта-стенд |
1 |
7 |
Златополье селосы, “Златополье” АШБ кеңсесi ғимараты (келiсiм бойынша) |
тақта-стенд |
1 |
8 |
Баянбай ауылы, «Баянбай» АШБ кеңсесі жанындағы стенд (келісім бойынша) |
тақта-стенд |
1 |
9 |
Қарашілік ауылы,село орталығында (келiсiм бойынша) |
тақта-стенд |
1 |
10 |
Брусиловка селосы, фельдшерлік пунктінің ғимараты |
тақта-стенд |
1 |
Қорытынды |
10 |