Көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай кенті әкімінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 9 шешімі. Ақмола облысы Щучье ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 маусымда № 1-19-159 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес 2009 жылдың 14 мамырдағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып Бурабай кентінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Бурабай кентіндегі көшелерге атаулар беру: № 1 көшеге - Біржан сал атауын, № 2 көшеге - Бөгембай батыр атауын, № 3 көшеге - Андықожа батыр атауын, № 4 көшеге - Үкілі Ыбырай атауын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бурбай кенті әкімінің орынбасары Б.М.Патсаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Щучье ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай кентінің
      әкімі                                      Қ.Әшімянов

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады