Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.05.22 № 07-3/1839 Хаты.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 175, 180, 188 баптары, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" және 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің және ауыл тұрғындарын шағын кредиттеудің негізгі шарттары осы қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Еңсегенұлы) "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (Н.В. Ювица) біріге отырып:
1) "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" және "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамдарымен кредиттік шарттар жасасын;
2) кредиттік шарттарды тіркеуді, есеп және мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. "2009 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің және ауыл тұрғындарын шағын кредиттеудің негізгі шарттарын анықтау туралы" облыс әкімдігінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 202 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Сағындықов |
Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 29 шілдедегі № 241 қаулысына қосымша |
2009 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеудің және ауыл тұрғындарын шағын кредиттеудің негізгі шарттары
1. Кредит беру мақсаты – "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарын шағын кредит беру үшін 265 013 000 519 "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарына кредит беру" бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарын шағын кредиттеу. Тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас кредит келісім-шартымен реттеледі.
2. Бюджеттік кредиттеуге қатысушылар төмендегілер болып табылады:
кредитор – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кредит беретін кредит шартының тарабы – "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" ММ;
бағдарлама әкімшісі – "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ;
қарыз алушы-қаржы агенті – негізгі қарызды өтеу және сыйақыны төлеу, сондай-ақ, кредиттік шартқа сәйкес өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме алатын кредиттік шарттың кредит алушы тарабы - "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы және "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамы (одан әрі – еншілес ұйымдар);
соңғы қарыз алушы – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және ауылдық жерлерде тұратын немесе тіркелген, оларға еншілес ұйымдар берген бюджеттік кредитті алушы жеке және заңды тұлғалар (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері) бюджеттік кредиттеудің қатысушылары болып табылады.
3. Соңғы қарыз алушы қызметтерінің негізгі бағыттары және бюджеттік кредиттеуге жататын инвестициялық жобалар:
ауыл шаруашылығы;
қайта өңдеу өнеркәсібі;
ауылдық жерлердегі тұрғындарға қызмет көрсету.
4. Бюджеттік кредит Ақтөбе облыстық маслихаты сессиясының тиісті шешіміне сәйкес қарастырылған сомалар шеңберінде беріледі.
5. Бюджеттік кредит Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі.
6. Бюджеттік кредиттің берілу мерзімі:
кредит 60 айға дейінгі мерзімде беріледі;
бюджеттік кредит мерзімі бюджеттік кредит қаражаттарын бағдарлама әкімшісінің есепшотынан аударылған кезден бастап есептеледі.
7. Кредиттің игерілу кезеңі – кредит шартына қол қойылған күннен бастап алты ай.
8. Қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі барлық кредиттеу мерзімінің тіркелуімен белгіленеді және жылдық 1 пайыздан аспауы керек.
Соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі барлық кредиттеу мерзімінің тіркелуімен белгіленеді және:
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы кредиттеу кезінде жылдық 10,5 пайыз;
"Аграрлық кредит корпорациясы" АҚ арқылы кредиттеу кезінде жылдық 9 пайыз құрайды.