2009 жылға арналған жұмыссыздар үшін уақытша ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімиятының 2009 жылғы 19 қаңтардағы N 65 қаулысы. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 5 ақпанда N 3-2-68 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 наурыздағы N 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2010.03.01 N 49 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 148 заңының 31, 37 баптарын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 149-ІІ Заңының 7 бабының 5 тармағы, 20 бабы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың" Ережесінің 2 тарауын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылға жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға арналған қоғамдық жұмыстардың негізгі (жобалық) түрлері мен қоса мекеме атауларының тізбесі және көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушының еңбек ақысының мөлшері N 1, N 2, N 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Т.Шуйншин) 451002100 "Қоғамдық жұмыстар" бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Аудандық қаржы бөлімі" ММ (А.Сапаров) бағдарламаны қаржыландыруды тиісті жылға аудан бюджетінде қаралған қаражат шегінде қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ыбраймұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми газетке жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімі:       Е. Есенбаев

      
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
19 қаңтардағы N 65 қаулысының
Қосымша - N 1

Әйтеке би ауданында 2009 жылдың арасында қоғамдық ақылы жұмыстар ұйымдастырылатындығы жөнінде жобалық тізбелері

      "Кедейшілік пен жұмыссыздықты жою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 149-ІІ Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымындағы N 836 қаулысының ережесін орындау мақсатында Әйтеке би ауданындағы қоғамдық ақылы жұмыстарының жобалық тізбелерінің түрлері бекітілді.

      - Жоба "Құрылыс бригадасы"
      Туындаған мәселелерді шешуге көзделген. Аяқталмаған құрылыс ғимараттарын қалпына келтіру, аурухана, мектеп, балабақша, жергілікті бюджеттік ғимараттарын, қоғамдық мекемелер ғимараттарының сырт әлпетін көркендіріруі белгіленген. Жобалық кестесі бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі, (суқұбырларын, газ, канализациялар) инженерлік жүйелелерін жүргізу. Мекемелердің жылу жүйесін жөндеу қарастырылған.

      - Жоба "Жол"
      Тас-жол құрылыстар мекемелеріне көмек ретінде көзделген. Республикалық және аудандық маңызы бар жаңа жолдары мен бұрынан келе жатқан жолдарға жөндеу жұмыстары белгіленген жәнеде жолдың бетін жөнедеу, аудандық маңызы бар тратуарларын қалпына келтіріп, жаңадан салу, Жобалық кесте бойынша жолдың қырын және құмдар мен тастарды біріктіру, Жолдағы тұрған қоғамдық аялдамаларды көркейту. Жолдың бұзылған сай-шұнқырларын тегістеу.

      - Жоба "Көркейту"
      Қоғамдық ақылы жұмыстарды ұйымдастыруы көзделген. Аулаларды, парктерді, ескерткіштерді, ауылдық жерлердегі бар талдарды ұқыпен қарау және тал шыбақтарын егу, гүлдерді егу және оған қарау, балаларға арналған спорттық ойын сауықтыратын кешендерін ұйымдастыру. Мұздардан құрастырып ойнайтын жерлер салу.

      - Жоба "Туған өлке"
      Шағын орман алқабтарының тазалығын ұстауға арналған. Қосымша кедей және азқамтылған отбасыларына ағаш отынын дайындау және жазғы уақыттарында көпшілік түсетін су айналасындағы жерлерді алдын ала дайындалуы көзделген.

      - Жоба "Жасыл желе"
      Тал шабақтарын және гүлдерді рассада есебінде өсірумен айналысады. Көше тазалығы мен көгалдандыру және безендіру жұмыстарына қолданылады.

      - Жоба "Санақ"
      Бұл жоба Республикалық және аумақтық ұйымының пікірін білуге ұйымдастырылған, уәкілетті органға жұмыссыздарды шақыру, халықтық санақ, аз қамтылған отбасыларының әлеуметтік картасын әзірлеу. Жобалық кесте бойынша жұмыссыздар атаулы әлеуметтік көмек тағайындау учаскелік комиссиясының жұмысына қатысады, салықтар жинау, жәрдем ақы және зейнетақыны қайта есептеу, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру кезеңінің комиссиясына көмек беру, Уақытша түзету құрылымда сотталғандардың іс парақтарын жүргізу. Мал-жан санағын жүргізуге көмектесу.

      - Жоба "Жйындарды өткізуге атсалысу"
      Мәдени маңызы бар мекемелеріне арналған, спорттық жарыстарды, ұлттық мерекелерді өткізуіне жәрдем беру көзделген.

      - Жоба "Естелік"
      Тарихи және Архитектуралық маңызы бар ескерткіштерін қайта жандандыруға, қоршаған ортаны көркейтуге және бейт басын күту мен жинастыруға арналған.

      - Жоба "Кітапқа екінші өмір сыйлау"
      Бұл жоба туындаған мәселелерді дереу шешіп оқушыларға қажетті көлемде керекті кітапшалармен қамтамасыз етуге арналған, сақтаулы тұрған түрлеріне және аудандық кітапханалардың кітаптық қорын қалпына келтіру көзделген.

      - Жоба "Медбике"
      Ауыратын қарттарға және тұрғылықсыз халде жатқандарға арналған, (медбике ол жұбатушы әрі күтушісі болып табылады)

      - Жоба "Тәрбиеші мұғалім"
      Педагогигикалық-тәрбиеші қызметіне арналған, мектеп оқушыларына ұзартылған дайындық топтарына қосымша сабақтарын ұйымдастыру, балалар мен жастарға араналған мәдени жйындарды өткізуге көмек беру, үйірме (кружок) мен аула клубтарының жұмыстарын қалыптастыру, қыйын балалармен жұмыс жасау көзделген.

      - Жоба "Таза су"
      Ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған, жобалық кесте бойынша су құбыр қондырғыларын өз деңгейінде күтіммен ұстау және су құбыр қондырғыларына жөндеу жұмыстарын жүргізу. Ауыз су құдықтарын тазарту.

      - Жоба "Тігінші"
      Аурухананың, интернаттың, балабақша іш киімдеріне, төсек жастықтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған.

      - Жоба "Эколог"
      Түйіршік зиянды қалдықтарды қабылдау және жерге көмуге арналған, жөнсіз жатқан қоқыс үйшіктерін залалсыздандыру, Ағаш араларын жырту, экологиялық аумаққа дем беру, қоршаған ортаға көмек беру көзделген.

      - Жоба "Кеңесші"
      Аз қамтамасыз отбасыларының азаматтарына ақысыз тегін нормативтік құқық атілер жөнінде туындаған сұрақтарына түсінік беруге арналған.

      - Жоба "Ауыл шаруашылық жұмыстары"
      Мал-дәрігерлік жұмыстарына көмектесу, оның ішінде малды ауруларға қарсы шаншу, қан алу. Малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарына қатысу.

      - Жоба "Сарбаз"
      Ауылдық жерлерде, мал ұрлығын алдын алу, ауылдық мекен жайларда тәртіп сақтау жұмыстарына қатысу.
      

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
19 қаңтардағы N 65 қаулысының
Қосымша - N 2

Әйтеке би ауданы бойынша 2009 жылдың аралығында қоғамдық ақылы жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізбесі

      1. Әйке селолық округі
      2. Ақкол селолық округі
      3. Ақтасты селолық округі
      4. Аралтоғай селолық округі
      5. Басқұдық селолық округі
      6. Жабасақ селолық округі
      7. Жамбыл селолық округі
      8. Қайрақты селолық округі
      9. Қарабұтақ селолық округі
      10. Комсомол селолық округі
      11. Құмқұдық селолық округі
      12. Аралтөбе селолық округі
      13. Сұлукөл селолық округі
      14. Сарат селолық округі
      15. Ұшқатты селолық округі
      16. Аудандық аурухана
      17. Аудандық мәдениет үйі
      18. Аудандық прокуратура
      19. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
      20. Аудандық зейнет ақы төлеу орталығы
      21. Аудан әкімінің аппараты
      22. Аудандық ауылшаруашылық бөлімі
      23. Аудандық жер қатынастар бөлімі
      24. Аудандық әділет басқармасы
      25. Аудандық ішкі саясат бөлімі
      26. Ауданның мектептері сұраныс берген жағдайда
      27. Аудандық сот
      28. N 17 - Кәсіптік мектеп
      29. Аудандық ҚСКД бөлімі
      30. "Қайнар" коммуналдық кәсіпорны
      31. Аудандық қазпошта байланыс торабы
      32. Ауданның тұқым сорттау бөлімі
      33. Аудандық "Балауса" балабақшасы
      34. Аудандық ішкі істер бөлімі
      35. Аудандық мұражай
      36. Аудандық мұрағат
      37. Аудандық статистикалық бөлімі
      38. Халыққа қызмет көрсету орталығы
      39. Басқада мекемелер    

      
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
19 қаңтардағы N 65 қаулысының
Қосымша - N 3

Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшелері және оларды қаржыландыру көздеру

N

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Жіберілетін адамдар саны





барлығы

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1

2

3

4

5

6

7

1

Құрылыс бригадасы

40

0

15

15

10

2

Жолдар

30

5

10

10

5

3

Көркейту

66

10

23

23

10

4

Туған өлке

19

4

5

5

5

5

Ауыл шаруашылығы

25

5

6

6

8

6

Санақ

50

20

10

10

10

7

Іс шаралар өткізу

5

1

2

2

1

8

Қітапқа екінші өмір сыйлау

7

2

1

2

2

9

Мейірбан медбике

3

0

1

1

1

10

Тігінші

5

0

2

2

1

11

Сарбаздар

20

5

5

5

5

12

Кенесші

3

0

1

1

1

13

Эколог

3

0

1

1

1

14

Естелік

4

1

1

1

1

15

Таза су

20

5

5

5

5



300

58

88

89

66

кестенің жалғасы

N

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың түрлері





барлығы

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

1

2

8

9

10

11

12

1

Құрылыс бригадасы

1616,5

0,0

606,2

606,2

404,1

2

Жолдар

1212,4

202,1

404,1

404,1

202,1

3

Көркейту

2667,0

404,1

929,4

929,4

404,1

4

Туған өлке

771,9

161,6

202,1

202,1

206,1

5

Ауыл шаруашылығы

1010,4

202,1

242,5

242,5

323,3

6

Санақ

2020,5

808,2

404,1

404,1

404,1

7

Іс шаралар өткізу

255,8

40,4

80,8

80,8

53,8

8

Қітапқа екінші өмір сыйлау

282,8

80,8

40,4

80,8

80,8

9

Мейірбан медбике

127,9

0,0

40,4

40,4

47,1

10

Тігінші

202,0

0,0

80,8

80,8

40,4

11

Сарбаздар

808,4

202,1

202,1

202,1

202,1

12

Кенесші

134,6

0,0

40,4

40,4

53,8

13

Эколог

121,2

0,0

40,4

40,4

40,4

14

Естелік

175,0

40,4

40,4

40,4

53,8

15

Таза су

1077,6

269,4

269,4

269,4

269,4



12484,0

2411,2

3623,5

3663,9

2785,4

кестенің жалғасы

N

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

мерзімі айына

қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері

Еңбек ақы қоры

Қаржыландыру көздері

1

2

13

14

15

16

1

Құрылыс бригадасы

3,0

13470,0

1616,5

жергілікті

2

Жолдар

3,0

13470,0

1212,4

жергілікті

3

Көркейту

3,0

13470,0

2667,0

жергілікті

4

Туған өлке

3,0

13470,0

771,9

жергілікті

5

Ауыл шаруашылығы

3,0

13470,0

1010,4

жергілікті

6

Санақ

3,0

13470,0

2020,5

жергілікті

7

Іс шаралар өткізу

4,0

13470,0

255,8

жергілікті

8

Қітапқа екінші өмір сыйлау

3,0

13470,0

282,8

жергілікті

9

Мейірбан медбике

3,5

13470,0

127,9

жергілікті

10

Тігінші

3,0

13470,0

202,0

жергілікті

11

Сарбаздар

3,0

13470,0

808,4

жергілікті

12

Кеңесші

3,5

13470,0

134,6

жергілікті

13

Эколог

3,0

13470,0

121,2

жергілікті

14

Естелік

3,5

13470,0

175,0

жергілікті

15

Таза су

4,0

13470,0

1077,6

жергілікті





12484,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады