Комсомол ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 02 сәуірде N 3-2-74 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімінің 15.02.2016 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару" туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Комсомол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспеге жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімінің 17.04.2017 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Комсомол ауылдық округіне қарасты төмендегі елді мекендерге көше атаулары берілсін:
      1. Бөгеткөл елді мекеніне – Күләш Байсейітова көшесі. / "Қазақ бұлбұлы" атанған СССР халық әртісі /.
      2. Тасқожа елді мекеніне - Тасқожа көшесі. / "Тасқожа" сол елді мекенді қоныстанған халықтың берген ескі атауы /.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Комсомол ауылдық округінің әкімі: М.Сатимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады