Комсомол селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 16 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылдың 14 наурызда № 4786 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әр түрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Комсомол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Комсомол селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Комсомол ауылдық
      округінің әкімі Б.Прмагамбетов

  Комсомол ауылдық округі әкімінің
  2016 жылғы 15 ақпандағы
  № 16 шешіміне қосымша

Комсомол селолық округінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер:

      1) 2008 жылғы 26 маусымдағы №50 мемлекеттік тіліндегі "Комсомол селосының жаңа көшелеріне атау беру туралы" ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-2-55 болып тіркелген, 2008 жылдың 31 шілдеде аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
      көрсетілген шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2) 2009 жылғы 16 наурыздағы №10 мемлекеттік тіліндегі "Комсомол селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-2-74 болып тіркелген, 2009 жылы 16 сәуірде аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 қаулысымен мақұлдаған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 бөлігіне және Ақтөбе облысы әкімдігінің "Ақтөбе облысының Мекенжай Тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрылымы жөніндегі Ереже туралы" 2007 жылғы 24 шілдедегі қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
      көрсетілген шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      3) 2009 жылғы 18 тамыздағы №48 мемлекеттік тіліндегі "Комсомол селосының Азат көшесіне Қ.Айтазиннің есімін беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-2-85 болып тіркелген, 2009 жылы 24 қыркүйекте аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      кіріспесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталынсын;
      көрсетілген шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын.
      4) 2011 жылғы 14 қарашадағы №106 "Комсомол селосының жаңа көшелеріне атау беру туралы" ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-2-125 болып тіркелген, 2012 жылы 05 қаңтарда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      көрсетілген мемлекеттік тідіндегі шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық", "селосының", сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
      5) 2012 жылғы 28 ақпандағы №16 "Комсомол селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-2-130 болып тіркелген, 2012 жылы 12 сәуірде аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінде:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады