Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 13 ақпандағы N 3-3-70 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23-қаңтарындағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының және 2008 жылғы 10-желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 422-бабының 12-тармақтарының негізінде аудандық мәслихаттың кеңейтілген кезекті он бесінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. 2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкалары белгіленсін:
      1) бильярд үстеліне - 5 айлық есептік көрсеткіш;
      2) ақшасыз ұтыс ойын автоматына - 2 айлық есептік көрсеткіш (Қосымша қоса тіркеледі)
       2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 17-қазандағы екінші сессиясының N 11 "Алға ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режиміндегі ақшасыз ойын автоматтарына салынатын жылдық салық ставкаларын бекіту туралы" (аудандық әділет басқармасында 2007 жылдың 1-қарашасында мемлекеттік тіркеу N 3-3-47) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
       3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа және Алға ауданы бойынша салық басқармасының бастығы Т.Аққожинге жүктелсін.
       4. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихат сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы:                   А.Қайрошев

Алға аудандық мәслихатының
2009 жылдың 28 қаңтарындағы
кезекті XV сессиясының N 2 шешіміне
N 1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Алға аудандық мәслихатының 2009.04.08 N 5 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармағынан қараңыз) шешімімен.

Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу

Реттік N

Салық салынатын нысандар

Ставкалар (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Бір ойыншыға арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Бір ойыншыдан артық ойыншыларға арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3

Ойын жолы

10

4

Карт

2

5

Бильярд үстелі

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады