Алға қаласындағы Гагарин көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қалалық округі әкімінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 83 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 14 шілдеде № 3-3-84 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің 26.04.2021 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      1. Алға қаласындағы бұрыңғы Гагарин атындағы көшесіне еңбегімен ел есінде қалып, одақ көлемінде жоғарғы дәрежелі марапатқа ие болған Алғалық азамат Рахметолла Ағниязовтың есімі берілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға қалалық округі әкімі: Т.Наурызбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады