Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қалалық округі әкімінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 83 "Алға қаласындағы Гагарин көшесінің атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-3-84 болып тіркелген, 2009 жылдың 21 шілдеде "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. "Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасары Б.А. Досымовқа жүктелсін
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алға қаласының әкімі | Н. Сурбаев |