Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010.03.30 № 51 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 37 «Аудан бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыруға квота белгілеу туралы» қаулысында (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген нөмiрi 3-4-38, 2007 жылғы 27 наурызда аудандық «Жем-Сағыз» газетінің № 13 санында ресми жарияланған):
преамбуладағы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № 1 «Байғанин ауданы бойынша 2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбесін бекіту және осы жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысында (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген нөмiрi 3-4-64, 2009 жылғы 4 ақпанда аудандық «Жем-Сағыз» газетінің № 5-6 санында ресми жарияланған):
преамбуладағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Б.Кемешов