Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 77 "Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 114 қаулысы. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 3 шілдеде N 3-4-79 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 51 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010.03.30 № 51 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 77 «Әлеуметтiк жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы» қаулысына (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген нөмiрi 3-4-68, 2009 жылғы 11 маусымда аудандық «Жем-Сағыз» газетінің № 24 санында ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының 2 тармағындағы «Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген әр тұлғаға» деген сөздерден кейінгі «республикалық» деген сөз «жергілікті» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                              Б.Кемешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады