Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010.02.15 № 22 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармақшасына, 9 және 18-1 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қарауылкелді ауылдық округі мен селолық округтер бойынша нысаналы әлеуметтік топтарға жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында оларда ашылатын әлеуметтiк жұмыс орындарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтілсiн.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген әр тұлғаға жергілікті бюджеттен орташа айлық аударымдар мөлшері 15 000 теңгені құрайды.
Ескерту. 2 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2009.06.15 № 114 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
3. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Ш.Спанова) тізбеге сай әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тапсырыс берушілермен шартқа отырып, нысаналы әлеуметтік топтарға жататын азаматтарға жолдама беруді ұйымдастырсын.
4. «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ (Б.Боранбай) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Аманғосқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi: Б.Кемешов
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 22 сәуірдегі
№ 77 қаулысына
ҚОСЫМША
Байғанин ауданының селолық округтерінде
2009 жылы ашылатын әлеуметтік жұмыс
орындарының тізбесі
Рет саны |
Селолық округтер атауы |
Жұмыс орындарының саны |
1 |
Ащы селолық округі |
7 |
2 |
Көлтабан селолық округі |
7 |
3 |
Қопа селолық округі |
7 |
4 |
Сартоғай селолық округі |
9 |
5 |
Жаңажол селолық округі |
7 |
6 |
Жарқамыс селолық округі |
10 |
7 |
Қызылбұлақ селолық округі |
7 |
8 |
Қарауылкелді ауылдық округі |
60 |
9 |
Миялы селолық округі |
6 |
Барлығы: |
120 |