Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010.03.29 № 50 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» заңының 10, 27 баптары және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабының 1-ші тармақ, 18-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Байғанин аудандық аумақтық ауылшаруашылық инспекциясының бас ветеринария инспекторының 6 қараша 2009 жылғы № 1-11/460 санды үсынысының негізінде Ащы селолық округінің «Ұзын көл» елді мекенінде ірі қара малдан құтыру ауруының тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Анды селолық округінін «Ұзын көл» елді мекеніндегі ірі кара малдан құтыру ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Шектеу шаралары бойынша:
шектеу жарияланған «Ұзын көл» елді мекені аумағынан ауылшаруашылық малдарын айдап әкетуге, экелуге, бұл елді мекен арқылы өтуге шектеу қойылсын;
құтыру ауруы шыққан елді мекенде қаңғыбас иттер мен мысықтарды құрту жөніндегі жұмыстар жүргізілсін;
барлық мал өнімдерін өндірудің сақтық шаралары жүргізілсін.
3. Ащы селолық округінің әкіміне (С.Жұбан) және аудандық аумақтық ауыл шаруашылығы инспекциясына (Н.Тілеубергенов) шектеу мерзімі ішінде сақтандыру шаралары алынсын.
4. Аудандық орталық ауруханаға (О.Әбдин), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (З.Мусина) «Ұзын көл» елді мекеніндегі құтырған малдармен жанасқан адамдарды бақылауға алып, ауруға қарсы егу жұмыстарын ұйымдастырып, елді мекеннің санитарлық жағдайын бақылауға алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Омаров) аудандық ауылшаруашылық инспекциясымен бірлесе отырып ветеринариялық режим негізінде аумақта ауылшаруашылық малдарының қозғалысын болдырмауды қадағалауды күшейту тапсырылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Ш.Ермұханбетовке міндеттелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Кемешов