1993 жылы туылған азаматтарды "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 11 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 10 желтоқсанда N 3-4-87 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 4 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімінің 2010.05.11 № 4 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына, 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы» ережеге, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына сәйкес 1993 жылы туылған азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 1993 жылы туылған азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында өткізілсін.
      2. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А.Құлниязов):
      1) тіркеуді жүргізуге қажетті адамдармен қамтамасыз етудің шараларын жасасын;
      2) келмеген шақырылушыларды іздестіріп, бакылайтын топ кұрып, оның құрамына аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен, селолык округ әкімдері аппараттарынан, аудандық ішкі істер бөлімінен өкілдер енгізу тапсырылсын.
      3. Селолық округ әкімдеріне:
      1993 жылы туылган азаматтардың тіркеу учаскелеріне уақытылы жеткізілуі үшін мекемелерден, мектептерден арнаулы көліктер ұйымдастырсын.
      4. Аудандық білім бөлімі (Е.Құлжан):
      тіркеу кезінде анықталған орта білімі жоқ жастарды өздерінің тұракты мекен-жайы бойынша орта мектептерге бекітіліп, оларды оқытуды ұйымдастыруды қатаң бақылауға алсын.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ш.Спанова):
      тіркеуге дайындық жүргізуге және тіркеу кезінде құжаттарды толтыруға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне көмек беру үшін 2010 жылдың 1 каңтар мен 1 наурыз аралығындағы уақытқа қоғамдық ақылы жұмысшылар қатарынан 7 адам бөлсін.
      6. Аудандық «Орталық аурухана» МҚКК (О.Әбдин):
      1) тіркеу барысында анықталған науқас азаматтарды емдеу мекемелеріне тұрақты бекітіп, оларды жан-жақты сауықтыру шараларын жүргізсін;
      2) бұл жұмысты бақылауға алып, қажет жағдайда көшпелі дәрігерлік комиссия ұйымдастыруды қамтамасыз етсін, сондай-ақ әскери шақырылу қостарн қажетті медициналық және шаруашылық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
А.Аманғоска тапсырылсын.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                        Б.Кемешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады