Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2013.01.25 № 59 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ырғыз ауданының базарларында және дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне біржолғы талондар құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Біржолғы талондар құнының мөлшері республикалық бюджетте әрбір жылға бекітілген есеп-айырысу көрсеткішінің пайыздық қатысы бойынша жыл сайын қайта есептелінсін.
3. Аудандық мәслихаттың "Ырғыз ауданы бойынша базарда сауда жасаушылармен ара-тұра сипаттағы қызмет көрсетушілердің біржолғы талон құнын белгілеу туралы" 2007 жылғы 27 маусымдағы N 3, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3-5-59 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 17 шілдеде "Ырғыз" газетінің N 30 санында жарияланған, ("Аудандық мәслихаттың кезекті қырық екінші сессиясының 2007 жылғы 27 маусымдағы "Ырғыз ауданы бойынша базарда сауда жасаушылармен ара-тұра сипаттағы қызмет көрсетушілердің бір жолғы талон құнын белгілеу туралы" Әділет басқармасында 2007 жылғы 6 шілдеде N 3-5-59 санымен тіркелген N 3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3-5-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 29 сәуірде "Ырғыз" газетінің N 17 санында жарияланған N 25 шешімдерінің) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы,аудандық
мәслихат хатшысы М.Өтемұратов
Аудандық мәслихатының
2009 жылғы 11 наурыздағы
N 76 шешіміне қосымша
Белгілеген есеп айырсу көрсеткішінің
пайыздық мөлшері көлеміндегі
бір күндік талондар құны
N |
Кәсіп түрлері |
ЕАК |
А |
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар |
|
1 |
Ырғыз селосында Авто-көліктен сату а) жүк көтерімділігі 5 тн жоғары б) жүк көтерімділігі 5 тн дейін Сөреден сату Қолдан сату |
100 50 10 5 |
2 |
Елді-мекендерде Авто-көліктен сату а) жүк көтерімділігі 5 тн жоғары б) жүк көтерімділігі 5 тн дейін Сөреден сату Қолдан сату |
60 30 10 5 |
Б |
Дүркін-дүркін сипаттағы кәсіпкерлік қызметінің түрлері |
ЕАК |
Сату (тұрақты үй жайларда жүзеге |
||
1 |
Газеттер мен журналдар, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) бақша дақылдарын, саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді, қосалқы ауыл шарушылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар,сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) |
10 |
2 |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметтері |
100 |
3 |
Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыратын жеке тұлғалар |
5 |