Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 120 қаулысымен
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836қаулысы негізінде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан бойынша 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тізбесі мен түрлері бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау туралы шарттар жасасуға өкілдік берілсін.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудан бюджетінің 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды өткізуге көзделген қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді жүзеге асырсын.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.
5. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 27 ақпандағы "2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 67 қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.
7. Қаулы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына қолданылады.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ