2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 121 қаулысы. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 04 тамызда N 3-5-99 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2010.05.24 № 115 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 192023-баптары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысымен бекітілген «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесі» және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығы негізінде 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңның 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босатылу құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында ұйымдастырылсын.
      2. Мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Селолық округ әкімдері мен меншік нысанасына қарамастан барлық мекеме, ұйым басшыларына әскерге шақыру жасындағы жастарды іссапардан (демалыстардан) шақырып алу, оларды хабардар ету және шақыру пунктіне уақытылы келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Қанымбаев):
      1) шақыру пунктіне және шақырылушыларды көлікпен алып жүрген кезде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде жүзеге асыру;
      3) анықтау немесе тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар жөнінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау ұсынылсын.
      5. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне (Ж.Сүлейменов):
      Стационарлық емдеуде және диспансерлік есепте тұрған шақырылушылар туралы мәліметті аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге беру ұсынылсын.
      6. Аудандық әділет басқармасына (Ж.Төрежанұлы):
      Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылушылардың тегін, аты және әкесінің атын, туған күні мен жерін өзгерткені, қайтыс болғаны, тіркелгені жайлы мәліметтерді беру ұсынылсын.
      7. Аудандық қаржы бөліміне (Ә.Аяпберген):
      Мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі шараларды уақытында қаржыландыру тапсырылсын.
      8. Шақыру комиссиясының мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің олардың міндеттерін атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталсын.
      9. Әскерге алынушыларды Ақтөбе қаласына жеткізу үшін автокөлік ұйымдастыру және қаулының орындалу барысы жайлы аудан әкімдігін 2009 жылдың 30 маусымы және 20 желтоқсанында хабардар ету аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (М.Ыбраев) ұсынылсын.
      10. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 66 «2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының күші жойылсын.
      11. Қаулы әділет органына мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                              М. ДУАНБЕКОВ

      Жобаны ұсынған:
      Ырғыз ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің
      бастығы                                      М.ЫБРАЕВ

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 24 маусымдағы
№ 121 қаулысына қосымша

Мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

      Ыбраев Манас           аудандық қорғаныс істері жөніндегі
                             бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы

      Өтеміс Рахымжан        аудан әкімі аппаратының бөлім бастығы,
                             комиссия төрағасының орынбасары

      Назарбаев Еркін        аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
                             орынбасары, мүшесі

      Өтемұратов Айдарбек    аудандық орталық аурухананың бас
                             хирургі, мүшесі, медициналық
                             комиссияның төрағасы

      Жаспанова Жаңыл        аудандық орталық аурухананың медбикесі,
                             комиссия хатшысы

Медициналық комиссияның мүшелері:

      Байжиенова Назгүл      дәрігер-терапевт

      Молдамұратов Бағлан    дәрігер-невропатолог

      Ахметов Сақтаған       дәрігер-рентгенолог

      Наурызбаева Зерухан    дәрігер-психиатр

      Есқарина Алмагүл       дәрігер-стоматолог

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады