Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орнының үлесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 22 қаулысы. Ақтөбе облысының Қобда аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 13 ақпанда N 3-7-60 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2010.02.22 N 41 қаулысымен.

      Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оңалту және олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер беруге бағытталған, еңбек қызметі түрін еркін таңдауға басқа азаматтармен қатар қол жеткізуі мен тең құқығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 5, 7 бабы 5-2, 5-3 тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" N 39 Заңының 11, 31 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданы бойынша мекемелер мен кәсіпорындарға жалпы жұмыс орындарынан мүгедектер үшін үш пайыз мөлшерінде жұмыс орнындары  қосымшағасәйкес бекітілсін (қоса жалғанады).

      2. Аудандағы мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Я. Назаровқа және келісім бойынша қосымшаға сәйкес үлесі белгіленген мекеме басшыларына жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Елеусиноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі      Л. Исмағамбетова      

      
Қобда ауданы Әкімдігінің
2009 жылғы 21 қаңтардағы N 22
Қаулысының 1 қосымшасы

Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орнының үлесін
белгілейтін мекемелер ТІЗІМІ

N

Мекемелер атауы

Жұмысшылар саны

Жұмыс орнының саны
(3 %)

Ескерту

1

Қобда орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі

21

1


2

"Қобда аудандық білім бөлімі" ММ

929

11


3

Қобда аудандық орталық ауруханасы

291

6


4

"Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ

88

2



Барлығы:


20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады