Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орнының үлесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы N 41 қаулысы. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 наурызда N 3-7-87 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 64 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011.02.17 № 64 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 3137 баптарын, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 5, 7 бабы 5-25-3 тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" N 39 Заңының 1131 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қобда ауданының жұмыс берушілеріне жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Аудандағы мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің бастығы Я.Назаровқа және келісім бойынша қосымшаға сәйкес үлесі белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларына жүктелсін.
      3. Аудан әкімдігінің "Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орнының үлесін белгілеу туралы" 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 22 (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 ақпанындағы N 3-7-60 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпандағы "Қобда" газетінде N 7 санында жарияланған қаулысының) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусиноваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы Аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                         Л.Исмағамбетова

Қобда ауданы Әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 22 ақпандағы N 41
Қаулысының 1 қосымшасы

Қобда ауданы бойынша мүгедектер үшiн жұмыс орнының үлесiн белгiлейтiн мекемелер Т I З I М I

N Мекемелер атауы Жұмысшылар
саны
Жұмыс
орнының
саны
(3 %)
Ескерту

1

Қобда орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi

21



2

"Қобда аудандық бiлiм бөлiмi" ММ

500

15


3

Қобда аудандық орталық ауруханасы

100

3


4

"Қобда аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" ММ

68

2



Барлығы:


20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады