Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2009.07.29 N 178 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" N 339 Заңының 10, 27 баптарының талаптарын орындау мақсатында аудандық инспекциясының ветеринария бөлімінің бастығы 2009 жылғы 26 мамырдағы N 3 – 6/372 ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрілігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекция бастығы (Рысқұлов Ү.С), Мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе обылысы бойынша департаментінің Қобда ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы (Құбаев Ғ.Т) И. Білтабанов атындағы ауыл округінің Құрайлы мал қыстауында адамдардың денсаулығы мен жануарлардың қауіпсіздік мәнін белгілейтін шектеу іс шараларды ұйымдастыру сұралсын.
2. Қоса беріліп отырған Қобда ауданы И. Білтабанов атындағы ауыл округі Құрайлы мал қыстауында ауыл шаруашылығы малдары арасында құтырма ауруының пайда болуына байланысты 2009 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешенді жоспары бекітілсін.
3. И. білтабанов атындағы ауыл округінің әкімі (Дуля П.Н) аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бөлімінің бастығы (Ашекбаев Т.) Құрайлы мал қыстауында ауыл шаруашлықы малдары арасында құтырма ауруыныңшығуына байланысты 2009 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешендегі жоспарын уақытымен және сапалы өткізу жүктелсін.
4. Аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасзы ету бөлімінің меңгерушісі (Б. Құрманиязов) осы қаулының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу тапсырылсын.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қобда аудландық аумақтық инспекциясының бастығы Ү. Рысқұловаға жүктелсін (келісім бойынша).
Аудан әкімі Л. Исмағамбетова