Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011.02.07 № 4 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет басқару және өзін-өзі басқару" N 148 Заңының 33, 37 баптарына, 2005 жылғы 8 шілдегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" N 74 Заңының 17 бабының және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. 2010 жылдың 11 қантары мен 31 наурызы аралығында Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1993 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
2. Ауылдық округ әкімдері,"Аудандық орталық аурухана" КМК (А.Оразаев), "Аудандық білім бөлімі" ММ (Р.Шабарова), "Аудандық ішкі істер бөлімі" ММ (А.Калдыбаев), осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3." Аудандық экономика және б юджеттік жоспарлау бөлімі " ММ (М.Құстұртова), азаматтарды тіркеу жөніндег і іс-шараларды уақытында қаржыландыру бойынша шаралар қабылдасын.
4. Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы (С.Жамантаев), 2010 жылы 3 сәуірге дейін осы шешімнің орындалу қорытындысы туралы аудан әкіміне хабарласын.
5. Аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (Б.Құрманиязов) осы қаулының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізу тапсырылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.
7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Л.Исмағамбетова