Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімияты 2009 жылғы 16 ақпандағы N 23 қаулысы. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 ақпанда N 3-8-77 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2009.04.21 № 107 Қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағына, Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 ақпандағы "Шығып қалғандардың орнына маслихат депутаттарының сайлауын тағайындау туралы" N 1 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындардың ұсынылған тізімі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 шілдедегі N 175 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы" қаулысы (17.07.2007 жылғы тіркеу N 3-8-41) күші жойылған болып танылсын.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.

      Аудан әкімі:       А.Әмірғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады