Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы № 99 "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2005 жылғы 21 қазандағы № 155 "Ойын бизнестің бір өлшем объектінің акцизін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы" (№ 3-8-7 тіркелген, 2005 жылғы 11 қарашадағы "Мәртөк тынысы" № 45 газетінде жарияланған) және 2007 жылғы 19 наурыздағы № 251 "Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы "Ойын бизнестің бір өлшем объектінің акцизін және тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы" № 155 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (№ 3-8-36 тіркелген, 2007 жылғы 3 мамырдағы "Мәртөк тынысы" № 18 газетінде жарияланған) шешімдер күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сесссиясының төрағасы | М. Ордабаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Смағұлов |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 наурыздағы № 90 шешіміне қосымша |
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен базалық ставкаларының мөлшері
№ | Салық салу обьектілердің атаулары | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |