2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1991-1982 жылғы туған азаматтарды кезекте мерзімді әскері кызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімияты 2009 жылғы 26 мамырдағы N 154 қаулысы. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 15 маусымда N 3-8-90 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2010.04.28 № 166 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18, 19 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, және 2009 жылғы 1 сәуір 2009 жылғы № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру мақсатында» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 543 2009 жылғы 17 сәуірдегі қаулысына, Ақтөбе облысының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 155 «Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, дайындау, өткізу туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. «Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Н.Ө.Сәрсенбаев) 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарға әскерге шақырған уақытта 18 жасқа толған азаматтарды, мерзімді әкери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылуға немесе босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.

      2. Селолық, ауылдық округ әкімдеріне, ұйымдардың басшыларына, әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды олардың Мәртөк ауданының Қорғаныс істер бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етілсін.

      3. «Мәртөк аудандық орталық аурухана» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға (келісім бойынша) (м.а. Ә.С.Нұртдинова) ұсынылсын:
      Шақырылушыларға жоғары дәрижеде медициналық куәландыру жүргізу үшін тәжірибелі маман-дәрігерлерді, медбикелерді бөлу ұсынылсын;
      Шақырылушылардың және кандидаттардың (ф.025у) медициналық карталарын, қосымша парақтарымен бірге Мәртөк ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне берілу ұсынылсын;
      Мәртөк ауданы Қорғаныс істер бөлімі жолдамамен жіберген шақырылушыларға емделу профилактикалық мекемелерінде қосымша медициналық сараптамалардан өтуін, емделуін, арнайы орындар берілуін қамтамасыз етілуі ұсынылсын;
      Шақыру мерзіміне 3 жұмыс күн қалар алдында Мәртөк ауданы Қорғаныс істер жөніндегі бөлімге стационарлық емделуде жатқан әскер жасындағы азаматтардың тізімін беру ұсынылсын;

      4. Ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) (А.М.Шарипов):
      Шақыру комиссиясы жұмысы уақытында шақыру пунктіне жылжымалы полиция нарядын бөлу;
      Шақырудан бас тартқан, әскери борышын өтеуден жалтарған азаматтарды іздестіруді, шақыру учаскесіне әкелуді жүзеге асыру ұсынылсын;

      5. Әділет басқармасына (келісім бойынша) (Н.Қ.Құлжанов) Мәртөк ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1991-1982 жыл аралығында туған азаматтардың тегін, атын, әкесінің атын өзгерткені туралы мәлімет жіберуі ұсынылсын.

      6. Мәртөк ауданы Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығына (Н.Ө.Сәрсенбаев) «2009 жылдың көктемгі, күзгі шақырудың қорытындысы туралы» ақпаратты Мәртөк ауданы әкімдігінің аппаратына 2009 жылдың 25 маусымында, және осы жылдың 25 желтоқсанында ұсынылсын.

      7. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күннен 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.

      Аудан әкімі             А.Әмірғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады