Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2010.04.28 № 166 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 18-1 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қоса берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынып отырған шаруа қожалықтарының (бұдан әрі-жұмыс беруші) тізімі бекітілсін /қосымша/.
2. Мәртөк аудан әкімдігінің 2009 жылғы 28 наурыздағы № 61 қаулысының (тіркеу нөмірі 3-8-81, 15.04.2009 ж) күші жойылсын.
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.А.Алматбаева):
қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу үшін жұмыс берушімен шарт жасасып, оның жартылай шығыстарын бюджет есебінен әр жұмысшыға айына 15,0 (он бес мың) теңгеден артық емес сомада өтелсін. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Әмірғалиев
Мәртөк ауданы әкімдігінің
27 тамыздағы 2009 жылғы
№ 245 қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынып отырған жұмыс берушілердің тізімі, және қаржыландыру көзі
№ |
Жұмыс берушілердің атауы |
Жұмыс орындарының саны |
1 |
«Дина» шаруашылық қожалығы |
12 |
2 |
«Рубин» шаруашылық қожалығы |
4 |
3 |
«Бекболат» шаруашылық қожалығы |
2 |
4 |
Барлығы |
18 |