Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 24.01.2013 № 73 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Біржолғы талондардың бір күндік құнын төмендегідей мөлшерде бекітілсін:
1. Базарларда тауар сату:
"Базис-М" базары – 120 теңге;
Ембі, Жем қалаларының базарларында – 50 теңге;
ауылдық округ базарларында – 35 теңге.
2. Сату (Тұрақты жайларда жүзеге асырылатын қызметтерден басқа):
газет және журналдар – 20 теңге;
тұқым – 20 теңге;
бақша өнімдері – 30 теңге;
саяжайда және үй іргесіндегі жер учаскесінде өсірілген гүлдер – 30 тенге;
қосалқы ауыл шаруашылық, бағбандық және саяжай өнімдерін – 20 теңге.
3. Жеке тракторлар иелерімен жер өңдеу қызметтерін көрсету – 200 теңге.
4. Үй жануарлары мен құстарды жаюға қызмет көрсететін тұлғаларға бір жолғы талондардың құнын 1 айға 500 теңге көлемінде, 1 күнге = (500/30 күн) = 17 теңге.
5. Жануарлар мен құстарға арнап дайын жем-шөп сататын тұлғаларға бір жолғы талондардың құнын 1 тонна шөпке 100 теңге көлемінде, 1 тонна арпа-бидай, аралас жем немесе жем жармасына 400 теңге көлемінде.
6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
кезекті он алтыншы хатшысы
сессиясының төрайымы
М.Ж.Тыныштықұлова С.С.Салықбаев