Саркөл селолық округінің Қопа елді мекеніне ірі қара мал басы арасынан қарасан ауруының ошағы тіркелуіне байланысты карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 23 қаулысы. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 2 наурызда N 3-10-99 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 80 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 80 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
      1. Саркөл селолық округінің Қопа елді мекенінде ірі қара мал басы арасынан қарасан ауруының ошағы тіркелуіне байланысты, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      
      2. Саркөл селолық округінің мемлекеттік малдәрігер инспекторы (А.Жалмағамбетов) Қопа елді мекенінде қарасан ауруы тіркелуіне байланысты ауру ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу шаралары алынсын.
      
      3. Қарасан ауруы тіркелген ошақтарды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, мал иелерінің қора жайына залалсыздандыру өткелдері (дезбарьер) жасалсын.
      
      4. Қопа елді мекенінен ірі қара мен қой малының қозғалысына, союға,сатуға, мал айырбастауға, мал араластыруға, көлемді мал азығының сыртқа тасымалына қатаң тиым салынатын болсын.
      
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне(А. Дәулетов)карантин режимібелгіленген елді мекенде малдәрігерлік құжатсыз мал басының кіріп шығу қозғалысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Сатанова мен Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторы Р.Бектлеуовке жүктелсін.
      
      7. Осы қаулы әділет орындарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.      

      Аудан әкімі           М.Серікбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады