Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 117 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 28 мамырда № 3-10-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы N 179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010.02.12 N 179 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы негізінде, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №99 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы /қоса беріліп отырған/ бекітілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурыздағы № 5 сессиясында қабылданған «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» № 36 /тіркеу № 3-10-68,
24.04.2008/ шешімі күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарына алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат              Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы:              хатшысы:

      Б. ҚУАНДЫҚОВ                   С. ЖАҢАБЕРГЕНОВА

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 сәуірдегі
№ 117 шешімімен бекітілді.

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер.

      1. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы төлеуге, өтемақы беру халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.
      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген, жеке меншік түріне қарамаста, меншік иесі не тұрғын үй пайдаланушысы болып табылатын азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға және аудандық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы төлеуге өтемақы беріледі.
      3. Темір ауданында тұрғылықты тұратын және тұрғын үй иесі немесе жалдаушы / жалға беруші / болып табылатын азаматтардың тұрғын үй көмегіне құқығы бар.
      4. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет шығындарына / орталық жылу, жеке газбен жылыту, тұрмыстық газ пайдалану, ыстық, суық сумен жабдықтау, электр қуатын, канализация және телефон үшін абоненттік ақы / төлеген төлемі осы қағидамен бекітілген шекті шығындар үлесі азаматтардың жиынтық табысының орталық жылу жүйесімен және газбен жылытылатын тұрғын үй тұтынушыларына 10 / он / пайыз мөлшерінен асқан жағдайда белгіленеді.
      5. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері көп қабатты үйдің 1 бөлмелі және де көп бөлмелі үйдің немесе газбен жылытылатын жеке үйде тұратын құрамында 1 адамы бар отбасы үшін алаңның әлеуметтік нормасы бір бөлмелі пәтердің көлеміне тең деп 32 шаршы метр, құрамында 2 адамы бар отбасыға 40 шаршы метр, 3 немесе одан да жоғары құрамы бар отбасы үшін әр адамға 18 шаршы метр болып белгіленеді.
      6. Үйлері газбен немесе орталық жылу жүйесімен жылытылатын жалғыз басты және жалғыз тұратын, балалары жоқ зейнеткерлерге тұрғын үй жәрдемін есептеу үшін алаңның әлеуметтік нормасы, негізгі алып отырған алаңнан аспаған жағдайда 50 шаршы метр болып есептеледі.
      7. Электр қуатына төлеу шығындарын өтеу нақтылы шығындары бойынша жүргізіледі, бірақ құрамында 1 адамы бар отбасына - 40 /қырық/ киловаттан, 2 адамы бар отбасына 60 /алпыс/ киловаттан, 3 және одан көп адамы бар отбасына 1 айға 100 /жүз/ киловаттан көп болмауы керек.
      8. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі.

      9. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы төлеуге, өтемақы алуғақұқылы адамдар «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне /бұдан әрі - уәкілетті орган/ мынадай құжаттар тапсырады:
      1/ арыз;
      2/ өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3/ жылжымайтын мүлік жөніндегі уәкілетті орган берген тұрғын жайы бар немесе жоқ туралы анықтамасы /жылына бір рет/
      4/ тұрғын үй /пәтер/жоспарының көшірмесі /тұрғын үй алаңы/
      5/ тұрғын жай жалдаушылар /жалға берушілер/ үшін жалдау /жалға беру/ шартының, сатып алу — сату туралы, сыйға беру туралы келісімінің, мұраға беру құқығы туралы куәлік көшірмелері /жылына бір рет/
      6/ тұрғындарды тіркеу кітабы немесе тұратын мекен — жайын растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
      7/ өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсан үшін, отбасының жиынтық табыстары туралы мәліметтер, өзін-өзі еңбекпен қамтылған азаматтар табыстарын жазбаша түрде тапсырады;
      8/ аудандық телекоммуникация желісінің байланыс қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмесі;
      9/ үйде /пәтерде/ тұратын тұлғалар жөніндегі және қосалқы шаруашылығы туралы анықтама;
      10/ коммуналдық қызметтерге төлеуге нақты шығындарын растайтын құжаттар /орталық және газбен жылыту, салқын сумен, электр қуатымен қамту, канализация қызметі/
      10. Уәкілетті органға салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады. Салыстырылғаннан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растайды және олардан іс ресімдейді.
      11. Бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, бір жасқа дейінгі балаларды күтуімен айналысатын азаматтарды қоспағанда, отбасы мүшелерінің бірі жұмыс істемесе, күндізгі оқу орындарында оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса немесе жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы төлеуге өтемақы алуға құқығы жоқ.
      12. Тұрғын үй көмегін беру кезінде өзін-өзі еңбекпен қамтылған азаматтардың орташа көрсеткіш табысы алынады.
      13. Тағайындау туралы шешім уәкілетті орган арқылы қабылданады. Даулы мәселелер болған жағдайда, Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру кезінде болатын даулы мәселелерін шешу жөніндегі комиссиямен/ бұдан әрі - комиссия / қабылданады.
      14. Берілген құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үйдің иесі уәкілетті органның арасында шарт жасалады. Шарттың біреуі тұтынушысына (меншік иесіне) екіншісі жұмыспен қамту және аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сақталатын болып 2 данада толтырылады. Аталған шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
      15. Тұрғын үй көмегінің барлық тиесілі ақшасы, алушылардың жазба арызы бойынша, қызмет көрсетушілердің есеп шотына аударылады.
      16. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы төлеуге өтемақы алушылар тапсырған құжаттардың растығына жауапты және тұрғын үй көмегін есептеуге ықпал ететін барлық өзгерістер туралы, сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, он күн ішінде хабарлауы керек.
      17. Берілген ақпараттың растығына күдік туған жағдайдауәкілетті орган тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуге, табысы туралы ақпарат сұратуға, табысын жасарған деректі тексеруге болады.
      18. Асырып көрсетілген тағайындау немесе заңсыз төлеуді болдырған жалған мәліметтер тапсырылған жағдайда, алынған тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақысына төленетін өтемақы толық көлемде бюджетке қайтарылады. Төлемдерді ерікті түрде аудару арқылы қайтарылады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы.
      19. Заңды тұлғалар тұрғын үй көмегін алатын үміткерге табысы туралы мәліметті беруге тиіс.
      20. Тұрғын үй көмегін алушыларға төмендегі жағдайда өтемақы төлеу тоқтатылады:
      1/ қайта тіркеуге ақпарат тапсырмаса;
      2/ дұрыс есептелмеген немесе басқалай қателіктер нәтижесінде артық төленген көмек ақшасын қайтармаса;
      21. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалануға ақы төлеу шығынының ұйғарымды шегінің үлесі, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен телефон үшін абоненттік ақы төлеу тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрынғы есептелген сомманы қайта есептейді.

3. Жиынтық табысын есептеу.

      22. Тұрғын үй көмегін алуға, үміткер отбасылардың /азаматтардың/ жиынтық табысын тапсырылған мәліметтері бойынша, уәкілетті орган есептейді.
      23. Отбасының / азаматтың / жиынтық табысына, тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға, ақшалай немесе заттай түрде алынған, алу көздеріне қарамастан Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерден алынған табыстардың барлық түрлері кіреді.
      24. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жиынтық табысты есептегенде, отбасының жиынтық табысына мыналар есепке алынбайды.
      1/ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2/ он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
      3/ жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4/ бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5/ бір жасқа дейін бала күтуімен отырған аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      25. Жеке қосалқы шаруашылық (үй жануарлдары, ірі қара мал, бау-бақша жер телімі) өнімдерінен түсетін табыс сол тоқсанға арнап берілген облыстық статистика басқармасының бағасына сәйкес есептеледі.

4. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу.

      26. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру уәкілетті орган арқылы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, бюджеттік шығын классификациясы бойынша жүзеге асырылады.
      27. Уәкілетті орган тағайындалған тұрғын үй көмегінің соммасын көрсетумен, тұрғын үй көмегін алушылардың тізімін жасайды, тағайындаған көмектің соммасын есептейді және қаржы бөліміне жиынтық ведомостарды тапсырып, қажетті қаражатқа тапсырыс береді.
      28. Қаржы органдары, тапсырылған ведомостар негізінде, бюджетте қарастырылған қаржыны бөлу есебінен уәкілетті органға қаражат өтеуді төлем тапсырыстарымен жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады