Аудан елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалық сақтау, көркейту қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 113 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 5 мамырда № 3-10-110 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 146 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 146 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудан елді-мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, көркейту Қағидасы бекітілсін. (қағида қоса беріледі)
      2. Жергілікті әкімдер өз қызметтерінде осы Қағиданы басшылыққа алсын.
      3. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 10 қазандағы № 99 «Аудан елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалықты сақтау, санитарлық қадағалау, көркейту қағидаларын бекіту туралы» /тіркеу №
3-10-16/ шешімінің күші жойылсын.
      4. Осы шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарына алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты                       Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы:                         хатшысы:

      Б.ҚУАНДЫҚОВ                              С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА

Аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 сәуірдегі он
бесінші сессиясында қабылданған
№ 113 шешіміне қосымша

Ауданның елді мекендерінің аумағын жинастыруды
ұйымдастыру, тазалықты сақтау,көркейту,
Қағидасы.

      Осы Қағида 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 баптарына, Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 137 «Коммунальдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.
      Қағида аудан елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, көркейту, тазалықты сақтауды қамтамасыз ету, күтіп ұстау және қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттейді.
      Осы қағидалардың қысқы және жазғы мерзімде аудан елді – мекендерінің аумағын тазарту тәртібін нығайту. Көліктердің жаяу адамдардың жүру қозғалысының қауіпсіздігін және тазалауды қамтамасыз ету үшін, ауданның, елді – мекендердің аумағын көркейтуді және санитарлық күтуді, сыртқы жарықтандыру, жасыл желектер, ғимараттар және де басқа да нысандарды бұзу жауапкершілігін, жинастыру жұмыстарын орындау кезіндегі талаптарды белгілеу.
      Ауданның елді-мекендері аумағында орналасқан меншік түріне қарамастан барлық субъектілер үшін міндетті Қағидалар.

1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР:

      1. Ауданның елді-мекендерінің аумағын жинау жүйесі тұрмыс қалдықтарын ұтымды жию, тез арада жою, тиімді залалсыздандыру және экономикалық мақсатқа сәйкес қайта өңдеуді қамтиды. Соның ішінде тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, сауда, қоғамдық тамақтан және мәдени тұрмыстық бағыттағы кәсіпорындардағы, кәрізсіз (канализациясыз) ғимараттардан сұйық, көше қоқысы, қар және басқа да ауданның елді – мекендер аймағындағы жиналған құрылыс қалдықтары, жыл бойғы мерзімде қоғамдық орындар аумағын жинау және күтуде ұйымдастыру кіреді.
      2. Ауданның елді – мекендерінің аумағын тазалау жұмыстарын қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін және арнайы машиналарды тиімді пайдалануға барлық жинастыру, тұрмыс қалдықтарын ұйымдастыру жұмыстары бірыңғай орталықтандырылған жүйеге ( жоспарлы, үнмі және мәлімдеу) белгіленген тәртіпке, тарифтік және басқа нормативтік материалдарға бағынуы тиіс. Үй иеліктеріне,мекеме,кәсіпорындарға,меншіктің барлық түріндегі инфраструктура обьектілеріне жақын орналасқан аумақты таза ұсталынуы тиіс. Хабарландырулар, жарнапарақтар, листовкалар, құлақтандырулар т.б. арнайы белгіленбеген жерлерге жабыстыруға, сондай-ақ көшенің көлік жүретін жаяу жүргінші жүретін бөліктерін, құрылыстан бос аумақтарда және басқа да қоғам орындарды кез-келген қоқыстармен (листовкалармен) ластауға тиым салынады. Арнайы рұқсат етілмеген орындарда меншік иесінің келісімісіз листовкалар, жарнапарақтар, құлақтандыру қағаздарын жабыстыруға тиым салынады.
      3. Тұрғын үйлер ауласын, өтетін жерлерді тазалау тұрғын иелеріне немесе тұрғын үй кооперативтеріне жүктеледі, олар бекітілген аумақты жинастыруды және қоқыс шығаруды өз күштерімен, сондай-ақ келісім шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындарды тарту арқылы жүргізе алады. Тұрғын үйлер ауласын, үйге келетін жолдарды жинастыру тұрғын үйлер кооперативтеріне, магистралдық көшелерді, ішкі кварталдық өтетін жерлердің аралығын, көк желектердің аймағын, тротуарларды жинау олармен жақын арада орналасқан ( шектеліскен) мекемелерге,кәсіпорындарға жүктеледі.Жанар-жағар май станцияларынан 50 метр радиуста орналасқан аумақтарды жинастыру және тазалықты ұстау станция басшылығымен іске асырылады. 15 метр радиустағы сауда орны орналасқан аумақтарды тазалау және жинауды барлық меншік түріндегі сауда ұйымдарының басшылары қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп орындарының құрылыс алаңшаларының, қоймалардың, базардың, оған баратын жерлер аумағы осы ұйымдардың күшімен, қаржысымен тазартылады және тағы басқа аумағын (стадион,базар,жәрмеңке өткізілетін орындар, ауылшаруашылық жерлері және басқалар) жинау және таза сақтау тиісті жерді қолданушыларға жүктеледі. Құрылыс күрделі, ағымдағы жөндеу нысандарына тиіп жатқан аумақтарды жинау және таза ұстау жауапкершілігі құрылыс жөндеу жүргізіп жатқан мекемеге жүктеледі. Ескерту мақсатында төмен учаскелер аумақтарының қар немесе жаңбыр суымен толуы мүмкін болуын бақылайтын жаңбыр жинағыш құдықтарды жыл мерзімінде толуына байланысты тазалау, балансында тұрған тиісті тұтынушылық қызметтері жүргізеді.
      4. Тиісті құрылыс аудандарында жоспарлы үнемі тазалау жұмыстарын жүргізу кезегі жергілікті басқару органдарының санитарлық – эпидемиологиялық қызмет келісімімен белгіленеді. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылыс ауданында ғимараттар салумерзімінде құрылыс қоқысын жинауды ұйымдастыруды үйге тапсырыс беруші қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған жоспарлы-үнемі тазалау ғимаратты пайдалануға беру кезінде ұйымдастыру керек.
      5. Қатты және сұйық қалдықтарын зиянсыз ету белгіленген тәртіпке сай арнайы төгу стансаларына тапсырады. Қалдықтарды белгіленбеген орындарға шығаруға және ауылшаруашылық егістіктеріне көміп тастауға қатаң тиым салынады. Осы көрсетілген аумақтарда қойма ұйымдастыруға, қатты тұрмыстық қалдықтарды, мал қиын, құрылыс қалдықтарын сақтауға, сондай-ақ сұйық жуынды қалдық төгуге тиым салынады.

2. ЖАЛПЫ ПАЙДАЛАНУ ОРЫНДАРЫН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ.

      6. Парктердің, базарлардың демалыс аймақтарын аумақтары көпшілік ойын-сауық орындары және басқа жалпы орындары белгіленген жалпы ережелердің талаптарына сәйкес күтіледі.
      7. Барлық алаңдарда және көшелерде, базарларда,көлік аялдамаларында және басқа жерлерде жеткілікті қоқыс салғыштардың болуы тиіс. Қоқыс салғыш арасы магистральде (аумақтарды) қарқынды пайдалану жиілігіне байланысты анықталады, бірақ та көп мөлшерде 40 метрден, ал жүрушілері аз көшелерде 100 метрден аспауы тиіс. Қоқыс салатындардың тазалығын сақтау өздеріне бекітілген аумақты жинастыруды қамтамасыз ететін ұйымдар,кәсіпорындар және мекемелер жауапты. Меншік иесі өз офистерінің және үйлерінің кіретін және алдыңғы фасад бөлшегіне, сауда жерлеріне, скверлерге, парктерге қоқыс салғыш және урналар орналастырады. Қоқыс салғыштар жарақты жағдайға күтілу керек, қоқыс толуына байланысты тазартылып, күніге бір рет жуып дизенфекциялап, жылына екі рет сырланып тұруы қажет.
      8. Бос ыдыстарды немесе артық тауарларды дүкен және дүңгіршектердің алдына үюге және де оған жақын аумақтарға үюге тиым салынады. Көшелерде тез бұзылатын тағамдық азықтар, көкөніс, жеміс сату үшін дүңгіршектер, киоскілер, лот орналастыру санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен келісіліуі керек.
      9. Балалар бақшасына көлік құралдарын қоюға, көлік құралдарын пайдалану және жөндеуге байланысты аумақты ластауға тиым салынады.
      10. Жасыл желектер меншік иелігіне қарамастан ұсталмайтын мемлекеттік қор болып есептеледі және заң жүзінде қорғалады.Жеке және заңды тұлғалар өзін бекітілген аймақтағы жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз етуге заңнамаларға сәйкес міндетті, ол үшін толық агротехникалық шаралар жинағын жүргізу керек,атап айтқанда: Суару, қию, кепкенді кесу, апатқа ұшыраған және кепкен ағаштарды жинау, бағандарын тазалау, бағандар және тамыр бойындағы жас бұтақшаларға, тыңайтқыш салу, жас ағаштардың пасаждарына шұңқыр орналастыру, дезинфекциялау, жарасын ысылау, қуысын бітеу және де арам шөптерді (арам шырмауық, амброзин, жусан, сора және басқалар) жою үшін механикалық өңдеу;
      Өсімдіктерді қорғау стансасымен шарт бойынша немесе өз күшімен ауылшаруашылық аурулары мен жауларына,тиыс салынған арам шөпке қарсы жүйелі жұмыстар жүргізу;
      Түскен мерзімде жапырақтарды уақытында жинау. Жиналған жапырақтарды белгіленген жерге шығарады. Тұрғын үй жанында, скверлерде, парктерде жапырақтарды жағуға тиым салынады;
      Тұрғын аймақта қоқыс жағуға,сондай-ақ атмосфералық жақын қабатын ластайтын резино – техникалық және өнеркәсіп қалдықтарын жағуға тиым салынады.
      ҚР «Экологиялық» Кодексіне сай жерді қорғауды қамтамасыз ету,құрылыс мекемелері меншік иелігіне қарамастан жердің құнарлы бөлігін сақталуын қамтамасыз етулері тиіс.
      11. Базарлардың орналасуы оқшау аумақта Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 38 бұйрығымен бекітілген Санитарлық Ережелер мен мөлшерлерге(әрмен қарай СанЕжМ) және басқа нормативтік құжаттардың талабына сай болу керек.
      12. Жұмыс уақытын өз бетімен иелері тағайындайды. Аптасына бір күн санитарлық күн болып есептеледі.
      13. Техникалық қызметкерлер базар жабылысымен тазалау жұмыстарын жүргізеді. Жылы кезде қатты төселгені бар базар аумағын тек қана міндетті сыпырудан басқа бес күн жуу керек.
      Қоғамдық әжетханалары жиналған көпшілік демалатын орындарынан арасы 50 метр жақын болмай орналасуы қажет. Бір орын 500 келушіге.
      14. Арнайы аумақтандырылған нысандарға
(базарлар,парктер,емделу-сауықтандыру мекемелері) санитарлық
құрылғыларды салуға және қайта жабдықтауға
санитарлық-эпидемиологиялық стансасының келісімінсіз қалдық жинауға, көлікті жууға, бос ыдыстарды және отын ағаштарды осы мақсаттарға бөлінбеген жерлерде сақтауға тиым салынады.

3. ӨТЕТІН ЖЕРЛЕРДІ ЖӘНЕ ТРОТУАРДЫ КҮТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ.

      15. Аумақты көріктендіру және тазалау жұмыстары жазға қысқы болып бөлінеді,жүйелі, мерзімді немесе жедел түрде жүргізіледі.
      Жүйелігіне қатысты: сыпыру, жуу, суару, тырмалау, қарды сыпыру және шығару, мұзды ою және қар-мұз жиынтығын шығару.
      Мерзімдегі – жер жиынтығын, түскен жапырақтарды жинау, канализациялардағы қалдықтарды тазалау, жағалаудағы шөптерді кесу.
      Жедел түрге (қар жауғанда,мұздақ, қатты жел) –жолға құм төсеу қарды тырмалау және сыпыру,тоғысқан жердегі, қақпадан шығатын жердегі жиналған қарды ысыру және т.б.
      16. Жазғы тазалау жұмыстары 16 сәуірден 15 қарашаға дейін суару машиналары және сыпыру көмегімен, сыпыру-жинау машиналары көмегімен жол төсеніштерін жуу арқылы жүргізеді. Жуу тәулікте бір рет сағат ертеңгі 6.00. кешкі 23.00 сағатқа дейін жүргізіледі.
      17. Түнгі уақытта жұмыс жүргізгенде (мезгілге қарамастан) шуды болдырмау ережелері сақталуы керек.
      18. Механикаландырылған жуу,сыпыру жұмыстары жазғы уақытта жоспарлы түрде жүргізілуі керек.
      19. Жол төсеніштерін жуу жұмыстары кезінде, жол жағалау бөлігінде жиналған ластар су ағымдарымен тротуарларға түспеуін қадағалау керек.
      20. Жаңбыр суларының құбырлары жоқ көшелердің өтетін бөлігін сыпыру, жинау машиналарымен жинаған дұрыс.
      21. Жасыл желектерді және газондарды суару, жуу және сыпыру жинау машиналарына су құбырынан су құю аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының келісімімен жүргізіледі.
      22. Өтетін жерлерді қысқы тазалау мерзімі 15 қараша және15 сәуір аралығында жүргізіледі. Төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін үлкен жолдарға тәуліктік кезекшілік белгіленеді. Машиналар шұғыл шығуға әрдайым дайын болуы тиіс.
      23. Хлорид су себу жұмыстарын мұз тайғақтық, қардың басталысымен бір рет, ал келесі қар жауғаннан соң сыпырудан кейін керегі бойынша жүргізу қажет. Мұзтайғаққа, қоғамдық көлік аялдамайтын орындарға, жаяу өтетін жерлерге, тротуарларға құм себулі болу керек.
      24. Қар жаууы басталғаннан соң қалыңдығы 4-5 см артқанда қарды ысыру және сыпыру жүргізіледі.
      25. Мұздың сынықтары, ластанған қар арнайы белгіленген орындарға шығарылады, мұздақ (тайғақ) пайда болған жағдайда құм себу жүргізіледі.
      26. Ғимараттар төбелеріндегі қарды, мұзды тазалау олардың иелеріне жүктеледі немесе алдын-алу шаралары жүргізілу керек (кезекші бөлу,тротуарларды қоршау)
      27. Төбеден түсірілген, жолдар төсеніштерінен сыпырылған қар шығарылғанға дейін бір орынға жиналады. Жиналған қарды шығару округ әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы қызметке жүктеледі.
      28. Қарды тазалау 6 см қалыңдығынан кем түскенде негізгі қала магистральдарынан 2 тәулік ішінде, жауған қар 6 см жоғары болса тиісінше 4-7 тәуліктен кейін жүзеге асырылады.
      29. Аула аймақтары мен ішкі орамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға жинауға рұқсат беріледі.

4. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАСЫН ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ.

      30. Тұрғын үйлердің ведомстволық бағынуы және меншік түріне қарамастан тұрмыс қалдықтары күнбе күн ешқандай сұраусыз жоспар бойынша арнайы машинамен шығарылуы тиіс.
      31. Тұрғын үй аулаларында көлік өтуіне ыңғайлы контейнерлер орналастырылатын арнаулы алаң болуы тиіс.Алаңша ашық, су өткізбейтін жабылғысымен жасыл желекпен, үш жағынан сеткамен қоршалуы керек.
      32. Контейнерлер қондырылатын орын тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан және халық демалатын орындардан кемінде 20 метр, әрі кеткенде 100 метр қашықтықта болуы керек.Контейнерлердің керекті санын қондыруға қажет аула мөлшері 5-ке есептелуі керек.Контейнерлерден аула шетіне дейінгі аралық 1 метрден кем болмауы керек.
      33. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) саны белгіленгенде қолданатын тұрғындар санын,қалдықтың жиналу нормасын,қалдықты сақтау мерзімін еске алу керек.
      34. Қатты тұрмыс қалдықтары қоқыс таситын машинамен, канализациясы жоқ тұрғын үйлерден сұйық қалдықтар арнайы сорғыш машинамен шығарылады.
      35. Тұрғындарға шу бодырмау мақсатында тұрмыс және тамақ қалдықтары таңертең сағат 7.00-де ал кешкісін 23.00 сағаттан кешікпей тұрғын үйлердің ауласынан шығарылуы тиіс.
      36. Тұрмыс қалдықтары және қоқысты уақытша сақтайтын (контейнер) қоқыс өткізгіш алаңша иесі қоқысты өз күшімен міндетті немесе арнаулы ұйыммен жасалған шарт бойынша уақытында шығарады, іріктеу және контейнерлерді дизенфекциялауды жүзеге асырады.
      Уақытында тұрмыс қалдықтарын, қоқысты шығармаса жауапкершілігін меншік иесі көтереді.Меншік иесінің қоқыс және тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, шығару орындалған жұмысқа ақы төлеу үшін арнаулы ұйыммен жасаған шарты болса уақытында шығарылмаған қоқыс үшін жауапкершілікті шарт жасаған арнаулы ұйым көтереді.
      37. Қалдықтарды уақытша сақтау орнын
орналастыру,санитарлық-эпидемиологиялық стансасымен келісім негізінде жүргізілуі қажет. Құрылыс болып жатқан аудандарда аула әжетханасынан қалдықтарды уақытша сақтау орындарынан белгіленген қашықтық мүмкіндігіне қарай комиссия арқылы белгіленеді (сәулетші, тұрғын үй пайдалану ұйымы,санитарлық дәрігердің қаулысымен) комиссия актілері жергілікті басқару ұйымдарымен бекітілуі тиіс. Қалдықтарды уақытша аула жинағышта сақтағанда олардың еруін және шіруін болдырмау керек. Сондықтан қалдықтың сақталуы салқын уақытында (8 градус
температурадан төмен) 3 тәулік, бұдан жоғары температурада күнбе-күн шығарылуы тиіс. Әрбір елді мекенде қатты тұрмыстық қалдықтардан құтылу мерзімі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен келісілуі тиіс.
      38. Жақсы жабдықталаған тұрғын қорында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін стандартты темір контейнерлерді (0.75 куб.метр) қолдану керек. Канализациясы жоқ үйлер иелеріне ағаш немесе темір жинағыштар қолдануға болады.
      39. Жаз уақытында темір қалдық жинағыштарды жуу керек (ауыстырмайтын жүйеде 10 күнде 1 рет, ауыстырғанда босағаннан кейін. Ағаш жинағштарды дезинфекциялау керек (әрбір босағаннан кейін) энтомологиялық көрсеткіштер бойынша дезинфекция жасау керек. Үй ауласынан тұрмыстық қалдықтарды алу жиналуына байланысты жүргізу керек, кем дегенде 7-не 1 рет жүргізіледі.
      40. Канализациядан тыс үйлерден қалдықты жинау үшін жуынды құятын орнатылады, олар су өткізбейтін шұңқыр және жер бетіндегі бөлігі қақпағымен және қатты фракциялардан айыратын решеткасымен болуы керек. Решеткасын тазалауға қолайлы болу үшін жуынды құятынның жарлары алынатын және ашылатын болуы керек. Аула әжетханасы болса шұңқыр жалпы болуы керек.
      41. Канализациясыз үй аулалары және қоғамдық әжетханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын аулалардан кемінде 20 м. және 100 метрден аспайтын қашықтықта болуы керек. Қоқыс жинауыштар, аула әжетханалары және жуынды шұңқырлары жеке үй ауласының аумағындағы орналасу орнының қашықтығын үй иелерінің өздері белгілейді. Орталықсыздандырылған сумен қамтамасыз ету жағдайында аула әжетханалары құдықтардан 50 метр қашықтықта болуы тиіс.
      42. Аула әжетханасы жер үсті бөлігімен шұңқыр болуы керек. Жер үстіндегі құрылысын тығыз материалдардан салады. (тақтай, кірпіш, блоктар және т.б.) шұңқыр су өткізбейтін болуы керек, көлемі әжетхананың қолданатын халық санына есептеледі. Шұңқыр тереңдігі грунттық судың деңгейіне байланысты 3м.-ден артық болмауы керек, жер бетінен шұңқырдың толуы 0,35м. аспауы тиіс.
      43. Аула әжетханасы күнбе-күн тазалануы қажет. Аптасына 1 рет ыстық сумен жуып, дезинфекциялануы тиіс.
      44. Тамақ қалдықтарын жинау, сақтау және шығаруды ұйымдастыру санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының келсімімен жүргізіледі.
      45. Тамақ қалдықтарын арнайы іші-сырты сырланған қақпағы жабылатын ыдысқа (бак, шелек және басқа) жинау керек.
      46. Тамақ қалдықтарының жинайтын ыдысты басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Күнбе-күн ыдысты жылы сумен жуып 2 пайыздық кальций тұзымен немесе натрий хлорлы известь 2 пайыздық натрий хлорымен дизенфекциялау қажет. Дезинфекциядан кейін жинағышты сумен жуу қажет. Жинағышты қолдану және дұрыс ұстау жауапкершілігін тамақ қалдықтарын салатын кәсіпорын көтереді.
      47. Тұрғын үйлерге тамақ қалдықтарын жинайтын ыдыстар санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жергілікті мекемелерінің келісімі бойынша белгіленген орындарға орналаластырылады. Қалдық жинайтын адамдарға ыдыстың тазалығын сақтау және басқа заттың (шүберек, қағаз, шыны, темір және басқа) арласпауын тапсыру керек.
      48. Асхана және аудандық емханалардың жұқпалы ауруларды, туберкулез аурулардың бөлімдерінде тамақ қалдықтарын жинауға және де тамақ қалдықтарын басқақалдықтардың жинайтын ыдыстардан теруге тиым салынады.

5. АУДАННЫҢ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРІНІҢ АУМАҒЫН ЖИНАСТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ, КӨРКЕЙТУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАН ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК.

      49. Осы қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады