Темір ауданы елді-мекендерінің аумағын көріктендіру Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 146 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 4 ақпанда № 3-10-119 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы № 43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012.06.11 № 43 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 115 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3387 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданы елді-мекендерінің аумағын көріктендіру Қағидасы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. 2009 жылғы 23 сәуірде қабылданған, 2009 жылғы 5 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3-10-110 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда аудандық «Темір» газетінің № 24 санында жарияланған № 113 «Аудан елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалық сақтау, көркейту қағидасын бекіту туралы» шешімнің күші жойылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың                  Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы:                           хатшысы:

      Қ.ӘЛІ.                                  С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА.

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
24 желтоқсандағы № 146 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Темір ауданы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру
Қ А Ғ И Д А С Ы 1. Жалпы ережелер

      1. Темір ауданы елді-мекендерінің аумақтарын көріктендіру Қағидасы /бұдан -әрі Қағида/ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3387 баптарына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 137 «Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.
      Қағида ауданның елді мекендерінің инфрақұрылым нысандарын көріктендіру, тазалықты сақтауды қамтамасыз ету, күтіп ұстау және қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттейді.
      Аудан елді-мекендерінің аумағын көріктендіру, жинауды ұйымдастыру және тазалықты сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарының үйлестіру мен ұйымдастыруын кенттік, селолық, қалалық әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелер, кәсіпорындар, санитарлық күту және көріктендіру кәсіпорындары, баланста ұстаушылар және жер учаскелерінің иелері жүргізеді.

2. Негізгі ұғымдар мен анықтаулар

      2. Елді мекендердің аумағын көріктендіру – ауданның аумағын тиісті санитарлық жағдайда ұстау, жарықтандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстарды қамтитын, ауданның елді-мекендерінің аумағында тұрғындардың өмірі мен бос уақытына игі, салауатты және мәдени жағдай жасауға бағытталған жұмыстар мен іс-шаралар кешені.

      3. Бекітілген аумақ – осы Қағидамен тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін, бекітіліп берілген жер учаскесі.

      4. Ғимарат – көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін құрайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.

      5. Имарат- өндірістік үрдістегі орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына /оның алмастыруына/, сондай-ақ құрылғыларды /құбырлар, сымдар/ немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, табиғи немесе жасанды шектелу аумағы бар көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған /жер үсті, су үсті немес жер асты, су асты/ жасанды құрылыс.

      6. Жерді пайдаланушы – мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері ) кент, село, қала шегінде жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.

      7. Жалпы пайдалану жерлері – жеке меншікке берілмейтін жерлер (саябақтар, жолдар, жүргінші жолдары және тағы басқа).

      8. Қоқыс жәшігі – қатты тұрмыстық қалдық жинауға арналған арнайы ыдыс.

      9. Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).

      10. Жалпы пайдалану орындары – демалыс аймақтары, саябақтар, алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.

      11. Жөн-жосықсыз төгілген қоқыс үйінділері – заңды және жеке тұлғалардың қызметі барысында пайда болған қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз) шығару (орналастыру) немесе жинау.

      12. Бөлінген аумақ – жерді пайдаланушының (кәсіпорынның, мекеменің, жеке тұлғаның және т.б.) иелігіне берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес өзіне жататын нысандарды орналастыру үшін пайдалануға берілген жер учаскесі.

      13. Аумақты тазарту – елді мекендердегі халықтың өмір сүру барысында пайда болған қалдықтарды (қоқыстарды) жинау, жою болып табылатын мақсаттағы шаралар жиынтығы.

      14. Іргелес жатқан аумақ – жеке меншіктегі, иеліктегі, жалға алып пайдаланудағы ғимараттар, имараттар, қоршаулар, құрылыс алаңдары, сауда, жарнама және пайдалануындағы басқа да нысандар шекаларына жанасып жатқан, санитарлық нормалармен анықталған аумақ.

      15. Жүру бөлігі, өтетін жер – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол бөлігі.

      16. Жолдарды күтіп ұстау – көлік жолдарын пайдалану тәртібіне сай жолдар мен жол құрылғыларының көліктік – пайдалану жағдайы сақталатын жұмыстар жиынтығы.

      17. Жүргінші жолдары – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға іргелес жатқан жолдың бөлігі.

      18. Қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты жинау және шығару-қатты тұрмыстық қалдық жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс жәшіктерін, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан жою орнына тасымалдау.

3. Темір ауданы елді-мекендерінің аумағын тазарту тәртібі.

      19. Тазарту жұмыстары осы Қағиданың талаптарына, нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

      20. Үй иеліктеріне, мекеме, кәсіпорындарға, меншіктің барлық түріндегі инфраструктура объектілеріне жақын орналасқан аумақты таза ұсталынуы тиіс.

      21. Трансформаторларға немесе ток бөлгіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік ғимараттарға ( қызмет көрсетушілері жоқ), сондай-ақ ток беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақты тазарту жұмыстарын осы нысандардың иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қозғалатын аумақтарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары осы желілердің иелерімен жүргізіледі.

      22. Сауда нысандарына ( базарлар, сауда павильондары, тез құрылатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б.) іргелес жатқан аумақтын, уақытша көше саудасы орындарын, көшенің жүру бөлігіне дейін тазалауды сауда нысанының иелері жүргізеді.

      23. Гараждардың аумақтарын тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын нысан иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.

      24. Жанар-жағар май станцияларынан 50 метр радиуста орналасқан аумақтарды жинастыру және тазалықты сақтау станция басшылығымен іске асырылады.

      25. Ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдалушылар немесе тапсырыс беруші жүргізеді.

      26. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, сондай-ақ ғимараттарға, имараттарға және басқа да нысандарға іргелес жатқан, бірақ заңды және жеке тұлғаларға бекітілмеген аумақтарды тазалау және күтіп ұстау бөлінген қаржы шегінде жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

      27. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершілік бұзлуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.

      28. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі төсеніштің сынықтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен шығарылады.

      29. Аула аумағын, аула ішілік өту жолдары мен жүргінші жолдарын ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазарту, сыпыру тұрғын үй меншіктері тарапынан жүргізіледі.

      30. Жасыл желектер меншік иелігіне қарамастан ұсталмайтын мемлекеттік қор болып есептеледі.Жеке және заңды тұлғалар өзіне бекітілген аймақтағы жасыл желектердің сақталуын қамтамасыз етеді. Ол үшін толық агротехникалық шараларын / суару, апатқа ұшыраған және кепкен ағаштарды кесу, жинау, және де арам шөптерді жою/ жүргізеді.

4. Күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы мезгілде аудан аумағын тазартудың ерекшеліктері.

      30. Аумақты көріктендіру және тазалау жұмыстары күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы мезгілдерге бөлінеді.

      31. Күзгі-қысқы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 қазан мен 15 сәуір аралығында, көктемгі-жазғы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 сәуір-15 қазан аралығында белгіленеді.

      32. Көктемгі-жазғы тазарту аула аумағын, алаңдарды, аула ішілік өту жолдары мен жүргінші жолдарын ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазарту, шаңнан сыпыру және су шашуды қарастырады.

      33. Қысқы мезгілде жолдар, қоқыс жәшіктері және басқа да элементтер, сондай-ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтан тазарту жұмыстарын жүргізеді.

      34. Аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан тазартылуы тиіс. Мұздақ / тайғақ/ пайда болған жағдайда ұсақ кұм себу жүргізіледі.

      35. Қысқы мезгілде ғимарат иелері және жалға алушылар шатырлардың қар мен мұзшықтан уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастыру керек.

      36. Аула ішінде қарды жинаған кезде, судың жылғалармен кетуі алдын –ала қарастырылуы керек.

      37. Аула аумақтары мен ішкі орамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға жинауға рұқсат беріледі.

5. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету.

      38. Заңды және жеке тұлғалар жақын жатқан аумақты, жүргінші жолын, көгалдарды, жолжиектерді санитарлық нормаларға сәйкес тазалайды, тазалықты және тәртіпті үнемі қамтамасыз етеді. Тазарту жұмыстарының жүргізілуне орай жиналған қоқысты шығарады.

      39. Жеке меншік тұрғын үй секторларында тұратын азаматтар өз беттерінше жақын жатқан аумақты тазалауды ұйымдастырады.

      40. Күрделі және уақытша нысандардың иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды өз беттерінше тазалайды немесе жинау жұмыстарын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорынмен шартқа отырады.

6. Аумақтардағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау және шығару.

      41. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қалдықтарды арнайы бекітілген жерге шығаруды келісім шарт негізінде қоқыс жинау кәсіпорынының көмегімен жүргізіледі.

      42. Тұрғын үйлердің аумағында санитарлық нормаларға сәйкес қоқыс жәшіктерін орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар арнайы ашық алаңдар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған қоқыс жәшіктері қолданылады.

      43. Қатты тұрмыс қалдықтарын шығару қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз тұрғын үйлерден бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.

      44. Қоқыс жинаушылар және қоғамдық әжетханалар тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтың және халық демалатын жерлерден кемінде 20 метр және 100 метрден аспайтын қашықтықта болуы керек.

      45. Канализациядан тыс үйлерден қалдықты жинау үшін жуынды құятын орнатылады, олар су өткізбейтін шұнқыр және жер бетіндегі бөлігі қақпағымен және қатты фракциялардан айыратын решеткасымен болуы керек. Решеткасын тазалауға қолайлы болу үшін жуынды құятынның жарлары алынатын және ашылатын болуы керек.

      46. Вокзалдарда, көшелерде, базарларда, көлік аялдамаларында, саябақтарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, сауда және басқа нысандарға кіре берістерде қоқыс қораптары орнатылуы керек.

      47. Қоқыс қораптарын орнату мен тазалау жұмыстары аумақта мамандырылған кәсіпорынымен жүргізіледі. Қораптарды тазарту жұмыстары олардың толуына қарай орындалады. Күніне бір рет жуылады. Жылына екі рет залалсыздандырылып, екі реттен кем емес сырланады.

      48. Жөн- жосықсыз үйінділердің жиналуына, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларын сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жөн-жосықсыз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары уәкілетті органдармен бекітілген мерзімде аумақ иесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

7. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау

      49. Құрылыс алаңы барлық аумағы бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермеу және іргелес жатқан аумақтарға қоқыстың шығуын болдырмау мақсатында қоршаумен қоршалады:
      1) адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатылады;
      2) қоршау металдан жасалған материалдардан немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалады;
      3) шығу жолдарында ақпараттық қалқандар орнатылады.

      50. Құрылыс алаңы аумағын тазалықта және тәртіпте ұстау қажет. Құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды жинау үшін қоқыс жәшіктері орнатылып, уақытылы шығарылуы ұйымдастырылады:
      1) құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақта ұқыпты түрде күтіліп, мезгіл сайын жинастырылады;
      2) құрылыс алаңының сыртына құрылыс материалдарының, қоқыстың (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, жаңқалар, орауға арналған материалдар және тағы басқалары) шығуына жол бермейтін (желмен) шаралар көзделеді

      51. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған бөліктерін, сондай-ақ жүруге, жүргішілердің өтуіне пайдаланылған аумақты, құрылыс материалдарын уақытша сақтауға арналған ғимараттарды, инженерлік желілер жүргізілген учаскелерді қалпына келтіріледі.

      52. Құрылыс жұмыстары кезінде жұлынған, кесілген жасыл желектер құрылыс жүргізушінің есебінен қалпына келтіріледі.

8. Ауданның елді - мекендерінің аумағындағы жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының және басқа да нысандардың бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу, инженерлік желілерді, имараттарды және коммуникацияны күтіп ұстау тәртібі

      53. Жол төсеніштерінің, жүргізуші жолдарының және басқа шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстары мен басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар тиісті жергілікті басқару органдарының келісімімен белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      54. Жерді қазу жұмыстары басталғанға дейін келісілген сызбаға сәйкес жол белгілерін орнатылады, жұмыс жүргізілетін жер қоршалады, қоршауға жұмыс жүргізетін ұйымның атауы мен телефондары жазылған қалқан ілінеді. Қоршау жұмыс жүргізу кезінде жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге бөгет болмауы, түнгі уақытта қызыл белгі беру шамдарымен белгіленуі қажет. Қоршау үздіксіз болуы және бөгде адамдардың құрылыс алаңына кіруінен сақтауы тиіс. Қазылған жерлермен жаяу жүргіншілердің жаппай өтетін жерлерінде өткелдер салынады.

      55. Құрылыс, жөндеу, коммуникацияны қайта қалпына келтіру кезінде мерзімі өтіп кеткен рұқсат қағазбен жұмыс істеу жер қазу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізу болып есептеледі.

      56. Көшенің жүру бөлігі мен жүргінші жолдарында орналасқан құдықтардың қақпақтары бүлінген немесе жойылған жағдайда бір күн ішінде дереу қоршалады және жерасты коммуникациялар желісіне жауапты кәсіпорын тарапынан қалпына келтіріледі.

9. Жеке үй аудандарының, ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін күтіп ұстау

      57. Балансында ғимараттары мен имараттар бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен имараттардың иелері аталған нысандардың жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді.

      58. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және имараттары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізіледі.

      59. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында кейбір тұрғылықсыз жайлар немесе тұрғылықты ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттардың қасбетіне немесе құрылғылардың бетіне жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталған қаражаттарды біріктірулеріне болады.

      60. Ғимараттарды, имараттарды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.

10. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтіп ұстау

      61. Аудан елді мекендерінің аумағын жарықтандыру аумақ иелерімен шарт бойынша электрмен жабдықтаушы ұйымдар және кәсіпорындармен жүргізіледі.

      62. Көше шамдарын, басқа да сыртқы жарықтандыру көздерін орналастыру құрылыс салу мен көгалдандыру мен үйлесумен қатар жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтірмей, қауіпсіз орта құруға ықпал етеді. Саябақ аумағымен және тұрғын орамдармен өтетін жаяу жүргіншілер бағыттарын, оқушылар, мүгедектер және қарт адамдар жүретін жолдарды жарықтандыруға ерекше көңіл аудару қажет.

      63. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде техникалық нормаларға сәйкес беріледі.

      64. Алаңдардағы, көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 5 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері және байланыс жүйесі тазалықта ұсталуы қажет.

      65. Жарық пен электрлі көліктердің байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығару жұмыс бағана иесімен жүргізіледі негізгі магистральдарда кешіктірілмей, сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар- табылғаннан кейін тәулік ішінде жүргізіледі.

      66. Басты көшелер мен алаңдарды мерекелік безендіру Темір ауданы әкімінің бекіткен мерекелік безендіру жоспарына сәйкес меншік иесімен орындалады.

      67. Су бұрқақтарының жағдайы мен пайдалану жұмыстарын жауапкершілік Шұбарқұдың кентік округінің әкімдігі ұйымдастырылады.

      68. Су бұрқақтарын қосу мерзімі, олардың жұмыс тәртібі, астауларларын жуу мен тазарту кестесі, техникалық үзілістері мен жұмысының тоқтатылуы Шұбарқұдық кенті округінің әкімімен анықталады.

      69. Су бұрқақтарының жұмыс істеуі кезінде су бетін қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделікті орындалады.

11. Аудан аумағына тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары бойынша уәкілетті органдар

      70. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағиданың сақталуына бақылауды және аудан елді-мекендерінің аумағын көркейту тәртібін бұзғаны үшін шаралар алу, сондай-ақ аудан елді мекендерінің инфрақұрылымы нысандарын бұзғаны үшін өз құзыреттері шегінде:
      1) Ішкі істер органы;
      2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органы жүргізеді.

12. Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      71. Осы Қағиданы бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жұргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады