Саркөл селолық округінің Қарағанды мал базысында ірі қара мал басы арасынан қарасан ауруының ошағы тіркелуіне байланысты карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 217 қаулысы. Ақтөбе облысының Темір аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 20 қарашада № 3-10-114 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 227 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 227 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік малдәрігер инспекторының 2009 жылғы 27 қазандағы № 06-18 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Саркөл село округінің Қарағанды мал базысында ірі қара мал басы арасынан қарасан ауруының ошағы тіркелуіне байланысты карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.

      2. Саркөл селолық округінің мемлекеттік малдәрігер инспекторы (А.Жалмағамбетов, келісім бойынша) Қарағанды мал базысында қарасан ауруы тіркелуіне байланысты ауру ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу шаралары алынсын.

      3. Қарасан ауруы тіркелген ошақта зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп мал иелерінің қора жайларына залалсыздандыру өткелдері (дезбарьер) жасалсын.

      4. Қарағанды мал базысынан ірі қара мен қой малының қозғалысы, сойылуы, сатылуы, мал айырбастауы, мал араластыруы, көлемді мал азығын сыртқа тасымалдануы тоқтатылсын.

      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Даулетов, келісім бойынша) карантин режимі белгіленген елді мекенде малдәрігерлік құжатсыз мал басының кіріп шығуы қозғалысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиевке жүктелсін.

      7. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         Б.Қаниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады