Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімиятының 2010.01.05 № 1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ойыл ауданы бойынша 2009 жылы қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын селолық округтердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Есбатырова) аудан әкімдігі ұйымдастырған жұмыс берушілермен жасасқан шартқа сәйкес, әр жұмыс беруші тұлғаға әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп жұмыс жасаған адамның санына және жұмыс жасаған уақытына сәйкес бюджеттен мөлшері 15000 теңгеге дейінгі көлемде қаржы аударып отыру тапсырылсын.
3. Осы қаулының жүзеге асырылуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сүлейменовке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы: М.Абдуллин.
Ойыл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 26 мамырдағы
№ 141 қаулысымен бекітілген
Ойыл ауданы бойынша 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын селолық округтер бойынша тізбесі.
№ |
Селолық округтер атауы |
Әлеуметтік жұмыс орындары |
|
Ашылатын орын |
Бөлінген қаражат, мың теңге |
||
1 |
Көптоғай |
20 |
1800,0 |
2 |
Қайыңды |
5 |
450,0 |
3 |
Қараой |
10 |
900,0 |
4 |
Шығанақ Берсиев атындағы |
10 |
900,0 |
5 |
Сарбие |
10 |
900,0 |
6 |
Саралжын |
13 |
1170,0 |
7 |
Ойыл |
42 |
3756,5 |
|
Барлығы |
110 |
9876,5 |