Аудан бойынша азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімиятының 2009 жылғы 1 маусымдағы N 144 қаулысы. Ақтөбе облысының Ойыл аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 19 маусымда N 3-11-63 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімиятының 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімиятының 2010.01.05 № 1 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20 баптары негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысын орындау мақсатында қабылданған Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 155 «2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу және дайындығын ұйымдастыру туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
      2. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (А. Жабағиев) шақыру учаскесін медициналық      кадрлармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. «Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» (А. Жолдыбаев), «Ойыл аудандық қаржы бөлімі» (М. Сембі) мемлекеттік мекемелері аудан бойынша әскерге шақырушыларға байланысты іс-шаралардың жоспарланған қаржы шегінде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Сүлейменовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы:                  М. Абдуллин.

Ойыл ауданы әкімдігінің
      2009 жылғы 1 маусымдағы
№ 144 қаулысымен бекітілген

Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Отаров Серік Отарұлы            -«Ойыл аудандық қорғаныс
                                істері жөніндегі бөлімі»
                                мемлекеттік мекемесінің
                                бастығы, комиссия төрағасы
                                (келісім бойынша)

Қазмұханов Молдашқали           –«Ойыл ауданы әкімінің
Жұмағалиұлы                     аппараты» мемлекеттік
                                мекемесінің төтенше
                                жағдайлар жөніндегі
                                бас маманы, комиссия
                                төрағасының орынбасары

Күмісқалиев Талғат              -«Ойыл аудандық ішкі
Жолдасұлы                       істер бөлімі» мемлекеттік
                                мекемесінің бастығының
                                орынбасары (келісім бойынша)

Аралова Нәзира                  -«Ойыл орталық аудандық
Әбдиғалиевна                    аурухана» мемлекеттік
                                коммуналдық қазыналық
                                кәсіпорнының дәрігері
                               (келісім бойынша)

Текебаева Сәуле                 -«Ойыл орталық аудандық
Ақмырзақызы                     аурухана» мемлекеттік
                                коммуналдық қазыналық
                                кәсіпорнының медбикесі
                                (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады