Азаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімиятының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 153 қаулысы. Ақтөбе облысының Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 07 шілдеде № 3-11-64 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің  25.02.2013 № 44 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағын және Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі № 395 «Мемлекеттік жалға берілетін үйлерден алынатын жалдау ақысының есебінің әдістемесін бекіту туралы» бұйрығын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан аумағында азаматтардың мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлейтін жалдау ақы мөлшері – тұрғын үйдің жалпы пайдалы көлемінің 1 (бір) шаршы метрі үшін – ай сайын 80,6 теңге болып белгіленсін.
       2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                         Қ. Елеусіз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады