29 қаңтар 2009 жылғы № 112 "Бір жолғы талон ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 147 шешімі. Ақтөбе облысының Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 17 тамызда № 3-11-66 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 27.03.2013 № 86 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ойыл аудандық мәслихатының "Бір жолғы талон ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 112 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-11-56 тіркелген, 2009 жылғы 12 наурыздағы № 10 "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің атауындағы "бекіту" деген сөз "белгілеу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "№ 1 қосымша" осы шешімге қоса жалғанатын "қосымшаға" сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                 Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы:                    хатшысы:

         А.С.Әлжанова                       Б.Т.Бисекенов

Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
17 шілдедегі № 147 шешіміне қосымша

Ойыл ауданы бойынша бір жолғы талонмен жұмыс жасайтын жеке тұлғаларға берілетін талондардың құны

Кәсіп түрлері 1 күнге талон құны
(теңге)

1.

газет және журналдар сату –

тұқымдар, көкөніс өсінділерін сату –

бау-бақша өнімдерін қолдан сату –

машинадан сату –

тірі гүлдер сату –

қосалқы ауыл-шаруашылығы және саяжайлық учаскелері өнімдерін сату -

43

55

76

327

55

87

2.

Жеке иелігінде тракторы бар тұлғалардың жер учаскелерін өңдеу бойынша қызметі -

465

3.

Үй жануарлары мен құстарды жаю -

55

4.

Жануарлар мен құстарға арналған дайын жем шөп сату -

435

5.

Сыпырғылар, орман жидектері және балық сату -

109

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады