2009 жылға жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 05 мауысымдағы N 215 қаулысы. Ақтөбе облысының Хромтау аудандың әділет басқармасында 2009 жылдың 16 маусымда N 3-12-94 тіркелді. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1308 хатымен.

      Ескерту. Орындалу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012.10.16 № 1308 Хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 6-тармақшасына сәйкес, "Мемлекттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысымен бекітілген "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасы)" іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жоғарғы оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан заңнамада белгіленген тәртіпте уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырылсын (бұдан әрі - жастар тәжірибесі).

      2. Жастар тәжірибесі кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде уәкілетті органмен шартқа отыру негізінде өткізіледі.

      3. Жастар тәжірибесі алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.

      4. Жұмыс берушінің жастар тәжірибесін өтетін жұмыссыздың еңбекақысын төлеуге шығындары тиісті жергілікті бюджет қаржысынан айына 15 мың теңге көлемінде өтеледі. Жұмыс берушілер қосымша ақыны жеке анықтаулары мүмкін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Елдесовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Ж.Оралмағамбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады