Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.10.24 № 55 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 7 баптарына сәйкес Хромтау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Бейбіт жиналыстар, митингтер және пикеттер өткізу тәртібін қосымша регламентациялау туралы" нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімінде 2005 жылғы 1 қарашада № 3-12-17 номерімен тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінің 2005 жылдың 11 қарашасындағы № 45 санында жарияланған аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 28 қазандағы № 113 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңының" деген сөздермен, "әкімнін" деген сөз "әкімдігінің" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 1 - тармағының бірінші абзацынан мына сөздер алынып тасталсын:
«Сауда орталығы», «Базар», «Халық банкісі», дүкендер «Союз», «Юбилейный», «Алмас», «Еламан»,
1 - тармақта:
екінші абзацта:
"12" саны "14" санмен ауыстырылсын;
"Молодежное" деген сөз "Тамды" деген сөзбен ауыстырылсын;;
"Ойсылқара" деген сөзден кейін "Оңғар" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
А.Егізбаев Д.Молдашев