Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010.04.20 № 203 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 382, 387 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын салық ставкасы N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылған мөлшерде қолданылсын.
3. "Шалқар ауданы бойынша жер салығының ставкаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 14 ақпандағы N 10 шешімінің (Ақтөбе облыстық әділет департаментінде 2005 жылы 17 ақпанда N 3066 санымен тіркелген) күші жойылсын.
4. Осы шешім Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік
тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы,
Аудандық мәслихаттың хатшысы: С.Тулемисов
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
кезекті кеңейтілген он екінші
сессиясының N 102 шешіміне
1 қосымша
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын салық ставкасы
Атауы |
Салық ставкасы |
Жер көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға |
0,5 теңге бір шаршы метрге |