1. Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 4 «Көшелерге атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-101 болып тіркелген, 2009 жылғы 22 сәуірдегі «Шалқар» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешім кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысы» деген сөздер алынып тасталсын.
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шетырғыз ауылдық округінің әкімі | Ж.С. Табынбеков |