Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 мамырдағы N 3 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 5 маусымда N 3-13-111 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің 05.12.2014 № 18 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің 07.04.2017 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Мөңке би ауылдық округі Мөңке би ауылының халқының пiкiрiн ескере отырып, Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің 05.12.2014 № 18 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мөңке би ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Мөңке би ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Тәуелсіздік көшесі
      2) Бейбітшілік көшесі
      3) Мөңке би көшесі
      4) Желтоқсан көшесі
      5) Ардагерлер көшесі
      6) Шалқар көшесі
      7) Еңбек көшесі
      8) Қайыр көшесі
      9) Вокзал маңы көшесі
      10) Теміржолшылар көшесі
      11) Жағалау көшесі
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мөңке би ауылдық округі әкімі: Ж.А. Тлеубергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады