Шалқар ауданы Мөңке би селолық округі әкімінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 3 "Көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 05 желтоқсандағы № 18 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 4102 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауданы Мөңке би селолық округінің әкімінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 3 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-111санымен тіркелген, 2009 жылдың 24 маусымында аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Мөңке би ауылдық округі Мөңке би ауылының халқының пiкiрiн ескере отырып, Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ";
      шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің 14.04.2015 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күндізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мөңке би ауылдық округінің әкімі Ж. Тлеубергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады