Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 338 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2009 жылы 26 мамырда N 2-2-83 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 291 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 01.04.2024 № 291 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-4 тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім шарт жасау үшін "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Соппекова Г.Б.) өкілеттік берілсін.

      3. Қала әкімдігінің 2006 жылғы 29 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 325 қаулысының (Қапшағай қаласының әділет басқармасында 2006 жылдың 24 сәуірде N 2-2-28 нөмірімен мемлекеттік тізілімде тіркелген, "Қапшағай" газетінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі 16 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп саналсын.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Н. Таубаев


  "Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"
Қапшағай қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 30 сәуірдегі
N 338 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ
1. Жалпы ереже

      1. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (әрі қарай – Тәртіп) Қазақстан Республикасының Заңдарымен нысаналы топтағы халықтың жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында дайындалған.

      2. Осы Тәртіп өтінішпен келген нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын, жеке қаржыландыруын анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдармен негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.

      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамту және сақтандыру заңдары таратылады.

2. Жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілер келесі ерекшеліктер бойынша іріктеледі:

      1) әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарға арналуы тиіс;

      2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс;

      3) жұмыс берушілердің жұмысты жартылай жұмыс күнін пайдалану арқылы немесе ыңғайлы кесте бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар;

      4) әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы болуы керек.

      5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесі мен тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері көрсетілген келісім шарт жасайды.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және
көздері

      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғаларға еңбек заңдылықтарын сақтай отырып, жеке еңбек келісім шартына сәйкес және атқарылатын жұмыстың көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты еңбек ақы төлеу ай сайын жүзеге асырылады.

      7. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін тиісті өтемақы шығындары Қапшағай қаласының бюджетінде қарастырылған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды
бақылау

      8. "Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыруды бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады