Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2010.12.22 N 243-48 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараныз).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың эканомикалық және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Андаржанова М.
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Ахметтаев Қ.
«Тіркелген бірыңғай салық
ставкаларын бекіту туралы»
Қапшағай қалалық мәслихатының
2009 жылғы 05 қазандағы № 163-30
шешіміне қосымша
№№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
---|---|---|
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
4 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
6 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
25 |
5 |
Карт |
5 |
6 |
Бильярд үстелі |
12 |