Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық маслихатының 30.03.2009 N 9-93 шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 381, 382, 386 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қаласы және Рудник кенті бойынша 2009 жылға арналған жер салығының ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Текелі қалалық мәслихатының "Жер салығының ставкаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 24 қарашадағы N 5-64 (2008 жылғы 19 желтоқсандағы "Текелийский рабочий" газетінің 51 нөмірінде жарияланған, 2008 жылғы 15 желтоқсанда N 2-3-54 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К. Нестеров
Мәслихат хатшысы Н. Калиновский
Текелі қалалық мәслихатының
"Жер салығының ставкаларын
белгілеу туралы" 2009 жылғы
29 қаңтардағы N 7-76 шешіміне
қосымша
Текелі қаласы және Рудник кенті бойынша 2009 жылға арналған жер салығының ставкалары.
(теңгемен, алаңның бір шаршы метріне шаққанда) |
|||||
N |
Жердің тиесілігі |
Текелі қаласы |
Рудник кенті К–1 |
||
I өңір К–0,6 |
II өңір К–1 |
III өңір К–1,2 |
|||
1 |
Тұрғын үй қоры, соның |
6,75 |
8,1 |
6,75 |
|
2 |
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың ставкалары. |
0,23 |
0,39 |
0,47 |
0,39 |
3 |
Үй іргесіндегі жер |
0,20 |
0,20 |
0,20 |
0,20 |
4 |
Үй іргесіндегі жер |
0,20 |
0,20 |
0,20 |
0,20 |
5 |
Елді мекендердің автотұрақ |
64,80 |
67,50 |
68,85 |
67,50 |