Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 198 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының әділет басқармасында 2009 жылы 16 шілдеде N 2-3-64 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 2-тармақ 5-бабының нормаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысын іске асыру үшін, сонымен бірге 2009 жылы 13 маусымда жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен жұмысы жоқ азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топқа жататын азаматтардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      2009 жылы 13 маусымда жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен жұмысы жоқ азаматтар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасарлары Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға, Геннадий Иванович Савиновқа, Әсет Серікұлы Қанағатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі                     С. Бескемпіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады