РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, қалалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, бірлесе отырып Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласының "Достық" шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдерінің көшелеріне мынадай атаулар берілсін: N 1 көшесіне – Жастар, N 2 көшесіне – Наурыз, N 3 көшесіне – Самал.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Сибиряковаға және қала әкімінің орынбасары Г. Маупашеваға жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қалалық
мәслихатының хатшысы Н. Калиновский
Текелі қаласының әкімі С. Бескемпіров
Текелі қалалық
мәслихатының IV шақырылымындағы
кезекті ХV сессиясының
төрайымы Л. Бирюкова