Ақсу ауданының ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек төлеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы N 26-149 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 27 қазанда N 2-4-94 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 қарашадағы N 8-67 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 05.11.2012 N 8-67 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсу ауданының ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен отын сатып алуға 5 айлық көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленсін.
      2. Аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
      4. Ақсу аудандық мәслихатының 2007 жылғы 18 сәуірдегі "Ақсу ауданы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы" 45-252 нөмірлі (Ақсу ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 26 сәуірде мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-4-46 нөмірімен тіркелген және аудандық "Ақсу өңірі" газетінде 2007 жылғы 12 мамырда N 20 (9351) санында жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
      5. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Мәслихат хатшысы                           Серпербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады